Super User

Super User

Мақтааралда «ХХІ ғасырдағы қазақстандық ата-ана: өз балаңа үлгі бол!» атты конференция болып өтті

Мақтаарал ауданында «ХХІ ғасырдағы қазақстандық ата-ана: өз балаңа үлгі бол!» атты аудандық конференция болып өтті. Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков, аудандық білім бөлімінің басшысы Серік Туребеков және білім ұйымдарының мамандары, ата-аналар комитетінің төрағалары мен мүшелері қатысты.

Түркістан облысы: Отырар ауданының әкімі Азия ойындарының чемпионымен кездесті

Отырар ауданының әкімі Ерлан Айтаханов таяуда ғана аяқталған Индонезияның Джакарта қаласында өткен ХVIII Азия ойындарының самбо күресінің жеңімпазы, Отырар ауданының тумасы Бағлан Ибрагимді қабылдады. Кездесуде аудан басшысы халықаралық спорт алаңдарында еліміздің туын туын көкке желбіретіп жүрген спорт саңлағын кезекті жеңісімен құттықтап, ел намысын қорғаудағы еңбектеріне сәттілік тіледі.

Түркістан облысы: Мақтааралда мал бордақылайтын 80-нен астам алаң бар

Мақтаарал ауданында жайылымдық жердің аз екендігі белгілі. Сондықтан да бұл өңірде малды бордақылаған өте тиімді. Қазірдің өзінде ауданда 80-нен аса мал бордақылау алаңдары жұмыс істеп жатыр екен.  Бұл туралы мал бордақылау алаңдарының жұмыс барысымен танысқан Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов мәлімдеді.

Түркістан облысы: Түлкібаста балық шаруашылығы қарқынды даму үстінде

Түркістан облысы Түлкібас ауданында балық шаруашылығы қарқынды түрде дамып келе жатқандығы белгілі. Мұндағы шаруалар бұрын теңіздің ащы суында ғана өсетін бекірені тау бөктеріндегі бұлақ суына бейімдеген. Бүгінде мұнда бекіре, форель, ақ амур, карповый, сазан балықтары бар екенін айта кеткен жөн.

Осы RSS каналға жазылу