Super User

Super User

Түркістан облысы: Отырар ауданында мал бас артып келеді

Отырар ауданы әкімдігінде өткен кезекті аппарат мәжілісінде 2018 жылдың 8 айдың қорытындысымен аудан бюджетінің атқарылуы және 9 айда күтілетін болжам қаралып, талданды. Аталған жиынға аудан әкімінің орынбасарлары мен бөлім басшылары және ауыл әкімдері мен БАҚ өкілдері қатысты.

Түркістан облысы: Сарыағашта мемлекеттік қызметшілердің арнайы жиыны өтті

Өткен бейсенбі, яғни, 20 қыркүйек күні Сарыағашта ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысы Ғалым Сұлтанұлы Тұрсынбаевтың төрағалық етуімен Сарыағаш ауданының мемлекеттік қызметшілерімен және бюджеттік ұйым басшыларымен кездесу өтті.

Түркістан облысы: Мақтааралдың әкімі «Жасыл ел» жастардың еңбек жасақтарымен кездесті

Мақтаарал ауданы жаңадан құрылып, дербес дами бастағандықтан, Мырзакент пен Атакент кенттерінде тұңғыш рет «Жасыл ел» жастардың еңбек жасақтары жұмыс жасай бастады. Аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен ауданның студент және жұмыссыз жастарын қосымша жұмыспен қамту, қоғамдық, еңбек белсенділіктерін нығайтуды жүзеге асыру, жастар бойында азаматтық және отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастыру мақсатында «Жасыл Ел» еңбек жасақтарын қалыптастырған болатын.

Түркістан облысы: Әдеп жөніндегі уәкіл әдеп кодексі заңнамалары сақтау бойынша жиын өткізді

Елбасының бастамасымен жасалып жатқан реформалардың негізгісі «Ұлт жоспары 100 нақты қадамның» алғашқы 15-і мемлекеттік аппаратты кәсібилендіруден басталуы мемлекеттік қызметке аса көңіл бөлініп отырғанын білдірсе керек. Осыған орай Отырар ауданына арнайы келген Түркістан облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Әмірдин Әлішев мемлекеттік қызметкерлердің Әдеп кодексі заңнамаларын сақтау және мемлекеттік қызметтің оң бейнесін қалыптастыру мақсатында келелі жиын өткізді.

Осы RSS каналға жазылу