Түркістан облысынан 4600 тонна ет экспортталды

Биыл Түркістан облысы 4600 тонна ет өндіріп, оны көрші Өзбекстан мен Иранға және Біріккен Араб Әмірліктеріне жөнелткен. Бұл - республика бойынша экспортталған ет өнімдерінің 55 пайызын құрайды. Аталған мәліметтерді облыстық ауыл шаруашылығы басқарма басшысының міндетін атқарушы Нұрбек Бадырақов журналистерге арналған баспасөз мәслихатында айтты.

Ордабасылық шаруалар 9 айда 25 млрд. теңгенің өнімін өндірген

Ордабасы ауданы экономикасының негізгі салаларының бірі – ауыл шаруашылығы. 2018 жылдың 9 айында ауыл шаруашылық саласында 25 млрд. 849 млн. 300 мың теңгенің өнімі өндіріліп, 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 103,9 пайызды құрады. Оның ішінде мал шаруашылығының өндірісі 15 млрд. 150 млн. 800 мың теңге, нақты көлем индексі 101,5 пайыз, егін шаруашылығының өнімі 10 млрд. 608 млн. 500 мың теңге, нақты көлем индексі 107,3 пайыз және балық шаруашылығы 90 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 100 пайызды құраған.

Түркістан облысы құрылыс басқармасының басшысы тағайындалды

Түркістан облысы әкімінің өкімімен Үсіпәлиев Тоқтар Оразұлы құрылыс басқармасының басшысы болып тағайындалды. Тоқтар Оразұлы Үсіпәлиев 1972 жылы 22 қазанда Шымкент облысы Сайрам ауданы Самсоновка ауылында дүниеге келген. 1990-1996 жылдары Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясында құрылыстағы экономика және басқару мамандығы бойынша инженер-экономист, 2003-2006 жылдары Орталық Азия университетінде газ-мұнай құбырлары мен газ-мұнай қоймаларын жобалау, салу және пайдалану мамандығы бойынша инженер біліктілігін алып шыққан. 

Түркістан облысы: мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың ақпарат орталығы ашылды

Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында ақпараттық орталық ашылды. Енді сотқа талап арызымен немесе қандай да бір мәселемен жүгінген азамат кедергісіз көмек ала алады. Ескерте кететін жәйт, азаматтарға қолайлы болуы үшін мұнда талап-арыздарды қабылдау, кеңес, ақпарат беру электронды түрде жүргізіледі. Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев, сот төрағасы және бірқатар департаменттердің басшылары, сот жүйесінде көп жылдар еңбек еткен ардагерлер осынау жаңашылдықтармен танысып қайтты.

Жетісайда мемлекеттік қызмет көрсету жолдары түсіндірілді

Жетісай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен арнайы жиын өтті. Күн тәртібінде мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін құжаттарды рәсімдеу, сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету, жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар жандарға ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін құжат әзірлеу, санаторий-курорттық емдеумен қамту, кресло-арбалар беру жолдары жан-жақты талқыланды.

Түркістанда «Қала күні» мерекесі аталып өтті

Салтанатты шараға облыс әкімі Жансейіт Түймебаев қатысып, қала тұрғындары мен қонақтарын айтулы мерекемен құттықтады. Аймақ басшысы қаланың облыс орталығы мәртебесін алуымен, тарихи шаһар жаңа сипатта дами түскенін айрықша атап өтті.

Түркістан қаласында бес жұлдызды қонақ үйдің құрылысы басталады

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев «Қала күні» мерекесінің қарсаңында «RIXOS KHADISHA TURKESTAN» бес жұлдызды қонақ үйінің капсуласын салу рәсіміне қатысты. Онда қонақ үй кешенін жобасымен танысып, құрылыс жұмыстарын салтанатты жағдайда бастап берді. Жиында барысында аймақ басшысы атқарылып жатқан бұл шаралар - Түркістан қаласын түркі әлемінің мәдени астанасы етудің алғы шарты екенін атап өтті.

Түркістанда фронт-офис ашылды

Түркістан қаласында экономикалық соттың жанынан фронт-офис ашылды. «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында қолға алынған бастаманың мақсаты - халыққа сот төрелігінің ашықтығы мен қолжетімділігін іс жүзінде қамтамасыз ету. Жаңадан жұмысын бастаған нысанның ашылу рәсіміне Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев қатысып, қызмет көрсету орталығын аралап көрді.

Түркістандағы ғимараттар ұлттық нақышта бой көтеретін болады

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев өңірдегі бірқатар сәулетшілермен кездесті. Басқосуда облыс орталығын дамыту жайы жан-жақты талқыланды. Жиын барысында аймақ басшысы Түркістан қаласын түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде дамыту бойынша бас жоспар тұжырымдамасын әзірлеу конкурсы ұйымдастырылғанын атап өтті.

Түркістан облысы: Төлеби ауданында биыл 16 мың тұрғын жұмыспен қамтылған

Төлеби ауданы халықты жұмыспен қамту саласында ауқымды жұмыстар атқарып келеді. Жыл басынан бері жұмыспен қамтылғандар саны 16 мыңнан асқан. Жаңадан ашылған жұмыс орындарының саны да арта түскен. Осы мәселелер таяуда Төлеби ауданыны Елбасы Жолдауын насихаттауға келген арнайы топпен кездесуде әңгіме арқауы болды.