Шымкент: Еңбек келісімшарты 100 пайыз электронды жүйеге өтеді

Шымкентте жыл басынан бері еңбек инспекциясына азаматтардан 490 өтініш түскен. Нәтижесінде 98 құқық бұзушылық анықталып, жалпы көлемі 5,1 млн. теңге айыппұл салынған. Оның ішінде 2,8 млн.теңге көлеміндегі 17 айыппұл өндірілген. Бұл жөнінде бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бауыржан Қалжанов баяндады.

Сонымен қатар еңбек инспекторларымен 34 кәсіпорындағы 935 жұмыскердің 451,6 млн берешек жалақысы өтелген.

– Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде жұмыскерлердің еңбек қауіпсіздігін және қорғалуын бақылауды қамтамасыз етуге бағытталған «Халықтық бақылау» жобасын ірі кәсіпорындарда енгізу туралы тапсырма берген болатын. Бүгінгі таңда Шымкентте 18 кәсіпорыны «Халықтық бақылау» жобасын енгізді. Сондай-ақ, Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығы және Қазақстанның атқарушы органдары арасында «Vision Zero - Нөлдік жарақат» тұжырымдамасын ілгерілету бойынша өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандум жасалған. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде тұжырымдамаға 70 кәсіпорын қосылды. Дегенмен, өндіріс болғасын, жазатайым оқиғалар орын алады. Жыл басынан бері қала аумағында 10 жазатайым оқиға орын алып, 12 адам зардап шекті. Өкінішке орай, 3 жұмыскер қайтыс болды, 8 жұмыскер ауыр жарақат алған. Тергеп-тексеру материалдары құқық қорғау органдарына жолданды, – дейді Бауыржан Ахметәліұлы.

Қаламыздағы кәсіпорындар мен мекемелерде тұрақты түрде еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мониторинг жүргізіліп отырады. Осыған байланысты өңіріміздегі 4 кәсіпорынға «Сенім сертификаты» тапсырылған. Ал сақтандыру мәселесі бойынша Шымкент қаласындағы 7558 компанияның 2538-і ғана сақтандыру келісімшарттарын жасаған.

Мекеме басшысының айтуынша, жылдың соңына дейін электронды еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне кәсіпкерлік субъектілер 100 пайыз тіркелуі тиіс. Әзірге бұл көрсеткіш 32 пайызды құрап отыр.

Түркістан облысында су тасқыны бойынша жағдай тұрақты бақылауды

Қазіргі таңда Түркістан облысы аумағында су тасқынынан келер қауіп жоқ. Жағдай қалыпты, тұрақты бақылауда. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрғали Жүнісов мәлімдеді.

Сайрамда өрт қауіпсіздігі және улы газдан уланудың алдын алу бойынша рейд жүргізілді

Сайрам ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлері, № 6 ӨСБ –нің қызметкерлері, Ақбұлақ ауылы әкімдігінің қызметкерлері бірігіп, «Өрт қауіпсіздігі» және «Улы газдан уланудың алдын алу» бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізді.

Түлкібастық төтеншеліктер мен өрт сөндірушілерге сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша тсүіндірме жүргізілді

"Аманат" партиясы Түлкібас аудандық филиалының төрағасы Қ. Еркебаев "Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жол бермеу" тақырыбында Түлкібас ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі мен №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Арыста өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Арыс ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері мен М. Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясының 4 курс курсанттары: С.Байқозы, Е.Тоғанбай және Арыс қаласы «Ішкі саясат бөлімі» ММ-і «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қатысуымен «Тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау» бойынша қала тұрғындарының үй иелеріне барып, арнайы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сарыағашта төтеншеліктер оқу-жаттығу өткізді

 

Түркістан облысы Сарыағаш ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері, №4 Ю.Гагарин атындағы жалпы орта білім беру мектеп ұжымы, аудандық медициналық және қоғамдық тәртіп сақшыларымен бірлесіп, Сарыағаш ауданының эвакуациялық комиссиясының төрағасы, аудан әкімінің орынбасары Н.Талипов қатысумен “Эвакуациялық қабылдау №7 пунктінде” зардап шеккен адамдарды қабылдау бойынша оқу-жаттығу өткізілді.

Шымкенттік оқушылар қалалық гарнизонының әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасында қонақта

Шымкентгарнизоныныңбаспасөзқызметінің таратқан мәліметіне сүйенсек,  7 мамыр - Отан Қорғаушылар күні қарсаңында, Шымкентте жалпы білім беретін мектептердің 100-ге жуық оқушысы Шымкент гарнизонының әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасында қонақта болды. Әскери қызметшілердің жұмысымен танысты.

Бақылау-өткізу пунктінде балаларды бригада командирінің тәрбие жөніндегі орынбасары майор Дінмұхамед Нұрақаев қарсы алды. Қысқа нұсқамадан кейін оқушылар бөлімнің аумағына кірді. Бірінші кезекте балаларға әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің негізгі міндеттері туралы айтылды. Бөліммен танысу барысында оқушылар әскери қызметшілердің күнделікті өмірі, әскери кәсіптің ерекшеліктері мен артықшылықтары туралы ақпарат алды. Ал қызығушылық танытқан балалар Қорғаныс министрлігінің әскери жоғары оқу орындарына түсу ережелерімен танысты.

Әрі қарай балаларды асханамен, спорт қалашығымен және мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер тұратын үй-жайлармен танысты. Саптық алаңда балаларға арналған қару-жарақ пен әскери техника үлгілерінің көрмесі ұйымдастырылды. Әскери қызметшілер заманауи қару-жарақ пен әскери техниканың, сондай-ақ байланыс құралдарының мүмкіндіктері туралы айтып берді. Оқушылар атыс қаруының әртүрлі үлгілерін бөлшектеп-жинауға, жалпы әскери қорғаныс киімін, оқ өтпейтін жилеттер мен кевлар дулығаларын киіп көруге мүмкіндік алды.

– Іс–шараның басты мақсаты – өскелең ұрпаққа, Болашақ Отан қорғаушыларға әскери-патриоттық тәрбие беру, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау, жастардың армияға деген қызығушылығын арттыру, - деді әскери бөлім командирінің орынбасары майор Дінмұхамед Нұрақаев.