Шымкентте сақтық шаралары қатаң назарда

Коронавирус індетінің кең таралуына жол бермеу мақсатында Шымкент қаласында барлық сақтық шаралары жасалуда. Бүгінде азаматтардың өмірі мен қауіпсіздігін, денсаулығын сақтау үшін карантин режимі жалғасын өз жалғасын табуда. Бұл ретте қала тұрғындары карантин талаптарын бұлжытпай орындауы өте маңызды. Ортақ міндетті Еңбекші ауданы әкімдігі де үлкен жауапкершілікпен атқаруда.

Шымкент; су тасқыны мен орман-дала өрттерінен қауіп жоқ

Шымкентте су тасқыны мен орман-дала өрттерінен келетін қауіп жоқ. Олардың алдын-алу мақсатында тиісті шаралар атқарылуда екен. Сондай-ақ, қазіргі таңда төтенше жағдай оқиғалары 20 пайызға төмендегенін айта кеткен жөн. Бұл туралы Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдерімен өткен брифингте мәлім болды.

Шымкентте санитарлық талаптардың сақталуы басты назарда

Карантин кезінде жұмысы тоқтамаған қоғамдық көліктер, коммуналдық нысандар, азық-түлік сауда орындары мен банк мекемелерінің барлығында тексеріс жұмыстары жүргізіліп отырады. Ал, карантин талабына сай жұмыс істемегендеріне 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынуда.

Созақ: Соттар шектетілген жұмыс тәртібіне көшті

Қазақстан Республикасының аумағында төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты «COVID-19» коронавирустық инфекциясының таралу қаупін алдын алу мақсатында барлық соттар шектетілген жұмыс тәртібіне көшті.

Жетісай: Құрылыс қарқыны бәсеңдемеу керек

Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев Жетісай ауданының аумағын кеңейту бойынша 80 гектар аумақта орналасқан 1200 орынды мектептің құрылыс жұмыстарымен танысты,-деп хабарлайды Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Түркістан: #Ауылымалтынтұғырым байқауы жарияланды

Дәл қазіргі сәт — баршамыздың бірлігіміз сыналатын кезең. Әлем бойынша ауыр індетпен ел болып бірге күресіп келеміз. Елімізде жарияланған төтенше жағдай режиміне байланысты барлығымыз үйден шықпауға тиіспіз. Көрінбейтін вирусты көрінбей ғана жеңе алатынымызды түсіндік.

Арыс: Сақтық ережелерін сақтамағандар жазаланады

Арыс қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы мамандары дүкендерді аралап, түсіндірме жұмыстарын жүргізді,-деп хабарлайды Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі.