Түркістан облысы: Мақтааралдық кәсіпорын мақта сапасының сақталуына ерекше көңіл бөледі
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков Мақтаарал ауданына жұмыс сапарын индустриалды аймақта орналасқан «ZHANASSYL» ЖШС-нің мақта зауытының жұмысымен танысудан бастады. Зауыттың жылына 65 мың тонна мақта өңдеуге мүмкіндігі бар. Автоматты басқару жүйесінде жұмыс атқарады. Серіктестік директоры Абылай Тыныбаев 11 мақта қабылдау бекетінде мақта жинақталып, 3 бекетте қырманнан өнім қабылданып жатқанын жеткізді. Биыл 50 мың тонна мақта өңдеуге ниетті. Заманауи технологиямен жабдықталған кәсіпорында өңдеу барысында мақта сапасының сақталуына ерекше көңіл бөлінген.