Шымкент қаласында қоғамдық көлік жұмысы уақытша тоқтатылатын болды
Бұл туралы Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының қоғамдық көлік бөлімінің басшысы Наурыз Сүгірәлиев мәлімдеді.
Бұл туралы Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының қоғамдық көлік бөлімінің басшысы Наурыз Сүгірәлиев мәлімдеді.
Президент тапсырмасына сәйкес Шымкентте көктемгі дала жұмыстарына қажетті жанар-жағармай құны 174 теңгеден 160 теңге төмендетілді. Барлық агроқұрылымдар дизель отынын уақтылы алуда. Тапшылық жоқ.
Алдағы бірер жылда Шымкент маңайында жылыжай шаруашылығы дамиды. Бұл туралы қала әкімі Мұрат Әйтеновтің жергілікті шаруалармен жүздесуінде айтылды. Жабық жылыжай кешендердің көлемін арттыру мақсатында «Оңтүстік» көліктік логистикалық аймағынан 136 гектар жер қарастырылған. Оның 100 гектары өнеркәсіптік кешен болады. Қалғанын инфрақұрылым қамтиды.

Түркістан облысы Түлкібас ауданында үй іргелік жерлерге егін егу жұмыстары жандануда. Бұл туралы Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі фейсбук желісінде хбарлады.

"Біз біргеміз" акциясы аясында "Құрылыс комплексі және ТҮКШ қызметкерлерінің салалық кәсіподағы" Түркістан облыстық филиалының ұйымдастыруымен Мақтарал, Жетісай, Түлкібас, Сайрам, аудандарындағы мүгедек баласы бар және мүгедек азаматтар, аз қамтылған отбасылар, көп балалы отбасыларға тегін бетперде (маска) және ең қажетті болып табылатын азық-түлік себеттерімен қамтамасыз етілді.

Түркістан облысында Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен соларға теңестірілгендер саны 8293 адамды құрайды. Оның 40-ы Ұлы Отан соғысының ардагері, 256-сы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілгендер. Бұдан бөлек, облысымызда 7997 тыл еңбеккерлері есепке алынған.

Түркістан қаласындағы тұрғын үй құрылысы да қарқынды. 24 тұрғын үй құрылыс нысандары салынып, алдағы қыркүйек айында пайдалануға беру жоспарланған. Бұл туралы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалық етуімен өткен апталық лездеме отырысында ортаға салынды.

Түркістан аз ғана уақыттың ішінде жасыл желекке оранып, таза әрі жасыл қалаға айналып келеді. Қалада көптеген демалыс орындары пайда болып, көгалдандыру мен абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Мамыр айының 15-не Түркістан қаласында бірнеше нысанның құрылысы аяқталмақ.

Түркістан облысы Төлеби ауданындағы елдімекендерге тұрғындардың өздері блок-бекеттер қойып, қауіпсіздік шараларын қолға алуда. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

Германияда өндірілген «Jenny» маркалы өкпені жасанды желдету аппараттарымен Түркістан облысының барлық аудандық, қалалық ауруханалары қамтамасыз етіледі. Жаңа медициналық аппаратты облыс әкімдігінде арнайы мамандар таныстырды.