Түркістан облысында қоғамдық көліктер мен бекеттердің барлығы залалсыздандырылуда
«Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізу туралы» ҚР Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы №285 Жарлығын іске асыру нұсқаулығын орындау мақсатында, Түркістан облысы аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу бойынша арнайы іс-шаралар жоспары бекітілген.





