Жетісайда «Мемлекеттік тіл – Қазақстан халқын біріктіретін тіл» тақырыбында мерекелік іс-шара өтті
Қазақстан халқының тілдері күні татулық пен тұрақтылықты, ынтымақ пен бірлікті ту еткен жүзден аса ұлттар мен ұлыстар мекен еткен егемен еліміз үшін маңызды мереке. Осыған дейін 22 қыркүйекте атап өтілген мерекенің 5 қыркүйекке ауысқандығы тарихи маңызға ие. Өйткені, атаулы күн қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, қазақ халқының тағдыры мен тілінің болашағы үшін күрескен, Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен тұспас-тұс келуде.