Кентау қаласында мүгедектігі бар студенттер арасында спорттық жарыс өтті

Кентау қаласындағы «Арнаулы кәсіптік колледжінде» «Мейірімділік – жүректен, қолдау – баршамыздан» тақырыбында спорттық іс-шара өтті. Түркістан облыстық мүгедектерге арналған «Сауран» спорт клубы ұйымдастырған жарысқа 40-қа жуық студент қатысты.

Кентауда теннистен республикалық ашық турнир ұйымдастырылды

Кентауда «Айдар Строй Групп» компаниясының жүлдесіне ұйымдастырылып отырған үстел теннисінен «KENTAU CUP» ашық турнирі ұйымдастырылды. Аталған додаға еліміздің 6 облысынан және Түркістан облысының 10 аудан, қаласынан 300 жуық спортшы қатысуда.

Кентауда «Қала күніне» арналған жүгіру марафоны өтті

Кентау қаласының «Қала күніне» арналған жүгіру марафоны өтті. Салауатты өмір салтын насихаттауға және бұқаралық спортты дамытуға бағытталған жарысқа 14 жастан жоғары 500-ге жуық тұрғын қатысты.  Марафон қатысушылары қаладағы Д.Қонаев көшесі бойымен 3 шақырым қашықтықты жүгіріп өтіп, жарыстың мәресіне Ынтымақ алаңында жетті. Қатысушылар бүкіл қашықтық бойында өздерінің шапшаңдығы мен ептілігін, күш-жігері мен төзімділігін көрсетті.

Кентауда қарттар арасында интеллектуалды сайыс өтті

Кентау қаласында қарттар арасында «Даналық пен жаңашылдық» атты интеллектуалды сайыс өтті. Танымдық шараға аға буын өкілдерінен құралған 10 команда қатысып, білімдері мен зеректіктерін, тапқырлықтары мен ұйымшылдықтарын ортаға салды.

Кентауда «DIGITAL KENTAU–2026» республикалық форумы аясында гала-концерт өтті

Кентау қаласында цифрлық технологиялар, жасанды интеллект және заманауи медиа бағыттарын қамтитын «DIGITAL KENTAU–2026» республикалық форумы өткені белгілі. Ауқымды іс-шараға елімізге танымал сарапшылар мен білікті спикерлер қатысып, цифрлық технологияларды тиімді пайдалану, жасанды интеллект мүмкіндіктерін қолдану, жаңа медиа мен заманауи контент өндірісін дамыту бағытында өз тәжірибелерімен бөлісті.

Шымкент: «Жұлдыз» индустриалды аймағы теміржол инфрақұрылымымен толық қамтылды

Шымкент қаласындағы «Жұлдыз» индустриалды аймағының көлік-логистикалық мүмкіндіктерін арттыру бағытында маңызды жоба жүзеге асырылды. Атап айтқанда, өнеркәсіптік кәсіпорындарға қызмет көрсетуге арналған тұйықталған теміржол желісінің құрылысы толық аяқталды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков индустриалды аймақта болып, атқарылған жұмыстардың нәтижесімен танысты.

Кентау қаласында отандық күштік трансформаторлар өндірілуде

Түркістан облысының Кентау қаласында электр энергетикасы саласын дамытуға бағытталған жаңа өндірістік жоба жүзеге асырылуда. «Кентау» күштік трансформатор зауыты ЖШС «TURAN» арнайы экономикалық аймағында орналасып, отандық күштік трансформаторлар өндірісін қолға алды.

Қаратау ауданында инфрақұрылым жаңғыртылуда

Шымкент қаласының Қаратау ауданында 2026 жылдың тоғыз айында инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту, жол-көлік желісін жақсарту, қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру және әлеуметтік нысандарды дамыту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылды. Нәтижесінде ауданның бірқатар елді мекенінде инженерлік желілер жаңартылып, жаңа балалар ойын және спорт алаңшалары, гүлзарлар салынып, көшелердің сапасы жақсарды.

Аталған жұмыстардың барысы мен алдағы жоспарлар туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында Қаратау ауданы әкімінің орынбасары Жарылқасын Пазылбекұлы баяндады.