Түркістан облысы: Ж.Түймебаев шаруаларға қолдауды күшейту туралы тапсырма берді
Сейсенбі күні Түркістан облысы әкімдігі аппаратының мәжілісі өтті. Күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Алдымен 2018 жылғы 8 айдың қорытындысы мен бюджеттің атқарылуы және 9 айда күтілетін болжам туралы деректер тындалды. Бұл жөнінде облыстық қаржы басқармасының басшысы А.Тасыбаев, облыстық білім басқармасының басшысы И.Сағындықов және облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Н.Бадырақов баяндама жасады.