Шымкенттің бюджеті 183 миллиард теңгеге ұлғаймақ
ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов Шымкент қаласының бюджеті республикалық қала маңызындағы деңгейге жеткізілетінін мәлім етті.
ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов Шымкент қаласының бюджеті республикалық қала маңызындағы деңгейге жеткізілетінін мәлім етті.
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Нұрсадық Ергешбек пен «Қуатжылуорталық-3» МКМ жетекшілері «Mitsui & Co.Moscow» компаниясының өкілдерімен кездесті. Онда компания өкілдері тот басуға қарсы «NMRPipetector» бірегей электролитикалық құрылғысын таныстырды.
Шымкент қаласында тағы бір арбаттың құрылысы басталды. Қазіргі таңда Бейбітшілік көшесі бойында тиісті аумақ жабылып, жолдың жиегі қазылып, қызу жұмыс жүріп жатыр.
Шымкент қаласы аумағындағы 459 балабақшаға бүлдіршіндер автоматты түрде қабылданады. Аталмыш жүйе балабақшаға кезекке тұру мен жолдама беруге, сондай-ақ балабақша ауыстыруға мүмкіндік береді.
Шымкентте жаңадан басқармалар құрылды. Оларды әзірге қазіргі басшыларының міндетін атқарушылар жетекшілік ете тұрады. Бұл туралы қала әкімдігі активінің жиналысында жарияланды. Тағы бір жаңалық - аудан әкімдері ендігі жерде тұрғындармен жаңа жұмыс кестесі бойынша кездесетін болады.
Шымкенттегі ел арасында «Военторг» аталып кеткен ауданның кейбір үйлері сүрілуі мүмкін. Бұл туралы ақпарды естігелі осындағы тұрғындардың дегбірі қашып отыр. Белгілі болғанындай, бұл үйлер мемлекет мұқтаждығы үшін емес, кезінде су құбыры желісінің үстіне салынғандығы себеп болыпты.
2018 жылдың бірінші жартыжылдығында Шымкент қаласы үшін халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейі 24441 теңгені құрады. Соның ішінде азық-түлік жинағы 13443 теңгені, азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтер 10998 теңгені құрап отыр.
Шымкент шаһарындағы жаңадан салынып жатқан, жалға берілетін көпқабатты үйлерді жаңа кәсіпорын өз бақылауына алмақ. Бұл туралы қала әкімдігінің халықтық кеңсесінде өткен семинарда «Шымкент тұрғын үй қызмет» ЖШС директоры Әбдімәлік Балбаев мәлімдеді.
Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңына және «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымының жекелеген мәселелері туралы» Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың шешімімен Шымкент қаласыәкімінің орынбасары қызметіне Ергешбек Нұрсадық Ергешбекұлы тағайындалды.
ҚР "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңына және «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымының жекелеген мәселелері туралы» Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың шешіміменШымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметіне Құрманбекова Гүлжан Мамытқызы тағайындалды.