Көксарайда жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды: бұл ауыл қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды қадам
Отырар ауданының Көксарай ауылында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өрт оқиғаларына жедел ден қою және төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында жаңа өрт сөндіру бекеті пайдалануға берілді. «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында ашылған бұл нысан – Түркістан облысындағы 17-ші өрт сөндіру бекеті. Жаңа нысанның іске қосылуы ауылдық аумақтардағы өрт қауіпсіздігін күшейтіп қана қоймай, тұрғындардың өмірі мен мүлкін қорғау бағытындағы жұмыстарға тың серпін бермек.