Отырар ауданы: Темір ауылдық мәдениет үйі – бас жүлде иегері!
«Ауыл – мәдениеттің бастауы» атты байқауда Отырар ауданы Темір ауылдық мәдениет үйі ауылдық мәдениет үйлері арасында үздік деп танылып, БАС ЖҮЛДЕГЕ лайық деп бағаланды.
«Ауыл – мәдениеттің бастауы» атты байқауда Отырар ауданы Темір ауылдық мәдениет үйі ауылдық мәдениет үйлері арасында үздік деп танылып, БАС ЖҮЛДЕГЕ лайық деп бағаланды.
Отырар ауданында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының ұйымдастыруымен «Ұлы Жібек Жолы бойындағы керамика өндірісі: дәстүр, технология және жаңғырту» тақырыбындағы халықаралық қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесінің ашылу салтанаты өтті.
Кентау қаласында қала әкімдігі жанындағы нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық штабтың отырысы өтті. Жиынды Кентау қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Әбенұлы жүргізді. Отырыс барысында нашақорлықтың алдын алу, есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылды күшейту, жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстар қаралды.
Кентау қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен белсенділігімен, талантымен және түрлі саладағы жетістіктерімен ерекшеленіп жүрген жастарды марапаттауға арналған «Үздік Jastar премиясы – 2026» салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
Ұлытау облысы, Жезқазған қаласынан Ардагерлер кеңесінің төрағасы бастаған 15 ардагер Түркістан қаласына арнайы сапармен келді. Сапар барысында қонақтар Түркістан қаласының ардагерлерімен және ақсақалдарымен кездесіп, өзара пікір алмасты. Кездесуде аға буынның қоғамдық өмірдегі орны, жастар тәрбиесіне қосып отырған үлесі және ұлттық құндылықтарды дәріптеу бағытындағы жұмыстар сөз болды.
Бүгін Кентау қаласында Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру жөніндегі республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының қала тұрғындарымен және №5 Жылу электр орталығының еңбек ұжымымен маңызды кездесуі өтті. Келелі жиынды қала әкімі Жандос Тасов ашып, жүргізіп отырды. Кездесудің басты мақсаты – Президент Жолдауында белгіленген стратегиялық басымдықтарды, экономикалық және әлеуметтік реформалардың мәнін халыққа кеңінен жеткізу.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен «Сервистік және клиентке бағдарланған мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға бағытталған қадамдық жоспарға» сәйкес, Созақ ауданында «Қызмет алушылар күні» іс-шарасы ұйымдастырылды.
Түркістан қаласында Түркістан қаласының Құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері, филология ғылымдарының докторы, профессор, ұлағатты ұстаз Сейдулла Садықұлы Садықовтың 75 жылдығына арналған «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру» қалалық марафоны аясында «Ұлы Абай – тағылым жалғастығы» атты танымдық-шығармашылық байқауы өтті.