Ордабасы: жер телімдерін кәсіпкерлік және өндіріс мақсатында жеке меншікке сатудан 2024 жылы бюджетке түсетін жоспарлы түсімдер жайлы айтылды

Бүгін Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті. Күн тәртібінде үш мәселе қаралды. Атап айтар болсақ, жер қатынастары бағыты, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің атқарылып жатқан жұмыстары, сыртқы көрнекі ақпарат құралдарының жай-күйі кеңінен талқыланды.

Шымкент әкімі шаһарда тазалықты ғана емес, қоғамдық тәртіпті де сақтау маңызды екенін ескертті

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтың төрағалығымен аппарат отырысы өтті. Жиынға қатысушылар Мемлекет басшысының тапсырмасына сай «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған мектептердің құрылысы мен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясын өткізу мәселелерін қарады.

Шымкент: Қаратау ауданындағы көпқабатты үйлердің аулаларына 130 бейнекамера орнатылмақ

2024 жылы Қаратау ауданы аумағында жалпы 45 көшеге 33,2 км. асфальт төсеу жұмыстарын жүргізу жоспарда бар. Аталған жұмыстардың аяқталуына орай, асфальттанған көшелер 77,6 % құрайтын болады.Көпқабатты тұрғын үйлер аулалары мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және бейберекет қоқыс тастау мәселесін алдын алу мақсатында цифрландыру басқармасы тарапынан 2024 жылы 130 бейнекамера орнату жоспарланып отыр. 

Шымкент: Биыл Қаратау ауданында 8 гүлзар салынады

Аудан аумағында 2 саябақ, 9 гүлзар бар. Аудан тұрғындарына қолайлы орта қалыптастыру мақсатында аудан аумағында 2023 жылы 6 гүлзар пайдалануға берілсе, 2024 жылы 8 гүлзар салу жоспарланып отыр. Бұл туралы Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімі Рахымберді Мүлкеманов айтты.

Шымкент: Қаратау ауданын сумен қамту көрсеткіші 98 пайызды құрайды

Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімі Рахымберді Мүлкемановтың БАҚ өкілдерімен кезекті брифингі өтті.Брифинг барысында аудан басшысы 2024 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстар жөнінде қысқаша баяндады. Жалпы ауданда инфрақұрылым жүйелерін дамыту, абаттандыру, жарықтандыру мен жолдарды жөндеу негізгі жұмыстары жүргізілді.

Ордабасы ауданы: «Жаңақұрылыстағы инфрақұрылым мәселесі назардан тыс қалма йды»

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 Жарлығымен барлық деңгейдегі әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу тәртібі бектілген. Осыған сәйкес барлық деңгейдегі әкімдер кестеге бойынша жыл ішінде тұрғындармен кездесу өткізіп, мәселелерін тыңдайды.

Ордабасы ауданы: төрткүлдіктер көтерген 19 мәселенің 8-і шешімін тапқан

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 Жарлығымен барлық деңгейдегі әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу тәртібі бектілген. Тапсырмаға сәйкес барлық деңгейдегі әкімдер кестеге сәйкес жыл ішінде тұрғындармен кездесу өткізіп, мәселелерін тыңдайды.