Ордабасы ауданы: халықты сапалы ауыз сумен қамту – маңызды бағыттың бірі

Президент Қ.Тоқаевтың 2025 жыл­ға дейін ауыл халқын сапалы ауыз су­мен толық қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын белгіленген мерзім ішінде орындап шығу Ордабасы ауданының әлеумет­тік-экономикалық дамуындағы маңызды бағыттың бірі болып отыр.

Ордабасы ауданында екі өндірістік аймақ құрылып, «Бадам» индустриалды аймағы 50 гектарға ұлғайтылмақ

Түркістан облысында инвестиция тарту, өндіріс орындарын ашуға басымдық берілген. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды аудандға жасаған жұмыс сапарында осы саладағы бастамаларды тағы бір пысықтады. Нақты айтсақ, ауданда екі өндірістік аймақ құрылады және «Бадам» индустриалды аймағы 50 гектарға ұлғаяды.

Ордабасы ауданында сүт кластері дамиды және 500 адамды жұмыспен қамтитын тігін фабрикасы ашылады

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Ордабасы ауданындағы кәсіпорындарды аралап, жоспарларымен танысты. Мемлекеттік қолдау бойынша кәсіпкерлердің ұсыныстарын тыңдады.

Шымкент: Абай ауданының тұрғындары "Таза Қазақстан" акциясына белсене қатысуда

 

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Темірлан тас жолында орналасқан скверде тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.Тазалық іс-шарасына жалпы 100-ден астам аудан тұрғындары, кәсіпкерлер, зиялы қауым өкілдері, белсенді жастар, еріктілер қатысты. «Тазалық - денсаулық кепілі» деген ұстаныммен өткен іс-шарада ағаш кесу, әктеу, шөп ору, суғару, қоқыстардан тазарту жұмыстары жүргізілді.

Шымкент: Биыл Еңбекші ауданында 200 көше жарықтандырылады

Қазіргі таңда Еңбекші ауданы аумағында жарықтандырылған көше саны – 117 құрап отыр. 2022 жылдың өзінде әлеуметтік нысандарға жақын орналасқан 22 көше жарықтандырылса, 2023 жылы 28 көше жарықтандырылды. 2024 жылы бұл көрсеткішті ұлғайтып, 200 көшені жарықтандыруды жоспарланған. Бүгінде Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан жарықтандыру жұмыстары басталып, қазіргі таңда Қазанқап ақын, Ынтымақ, Росси көшелерінде жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы аудан әкімі Досбол Күздікбайұлы айтты.