Түркістан: Облыс әкімінің орынбасары Келес ауданының тұрғындарымен кездесті

Облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев жұмыс сапарымен Келес ауданына барып, аудан тұрғындары, зиялы қауым өкілдері және жастармен кездесті. Кездесудің басты мақсаты – халықпен ашық диалог орнату және пікір алмасу. Мемлекет басшысының бастамалары мен тапсырмалары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, атқарылып жатқан тірліктерді баяндады.

Кездесу барысында қатысушылар әкім орынбасарына ашық сауалдар қойып, мәселелер көтерді. Тұрғындар тарапынан ел тұтастығын сақтау, инфрақұрылым, ауыз су мен жол сапасы, газдандыру, білім мен денсаулық сақтау саласы бойынша және жастарды жұмыспен қамту сынды бірқатар маңызды мәселелер айтылды. Сонымен қатар зиялы қауым өкілдері ел болашағы мен ауданның әлеуетін арттыру жайында ой қозғаса, жастар мемлекет тарапынан көрсетілетін әлеуметтік қолдау мен мүмкіндіктерге қатысты сауалдарын қойды.

Кездесуден соң Ертай Кенжебекұлы жергілікті атқарушы билік пен құзырлы орган өкілдерінің қатысуымен мәжіліс өткізді. Онда қоғамдық-саяси ахуалдың жай-күйі сараланып, этносаралық ынтымақ пен бірлікті нығайту жолдары пысықталды. Сондай-ақ күн тәртібіндегі Шұқырсай елді мекенінде тіркелген нақты кемшіліктер, шешімін күткен мәселелер талқыланып, әр сала бойынша сын-ескертпелер айтылды. Облыс әкімінің орынбасары жауаптыларға жұмысты жандандыру жөнінде тапсырма берді.

Айта кетсек, алдағы уақытта дәл осындай ашық форматтағы кездесулер жалғасын табады.

Түркістан обылысы 6 ай нәтижесінде макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша бірінші орынға шықты

Түркістан облысында аудан, қала әкімдіктері мен басқармаларының рейтингтік жүйесі әзірленген. Әрбір мекемеге индикаторлар бекітіліп, әр тоқсан сайын нәтижесі шығарылып, тұрақты талқыланады. Осы жұмыстар нәтижесінде биылғы 6 айда облыс экономикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының оң динамикасы сақталды. Қысқа мерзімді экономикалық өсім 118%-ды құрап, өңір республикада бірінші орынға шықты.

Шымкентте Ата Заңның 30 жылдығы аясында өтетін іс-шаралар талқыланды

2025 жылы Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл толуына орай Шымкент қаласында ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылуда. Осыған байланысты бүгін Шымкент қаласы әкімінің аппарат басшысы Ержан Сейтеновтің төрағалығымен өткен жиында мерекелік іс-шаралар жоспары жан-жақты талқыланды.

Шымкент: Сот шешімдерінің орындалу сапасы күшейтілуде

2025 жылдың алғашқы жартысында Шымкент қаласы Әділет департаменті азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауда маңызды істерге бастамашы болды. Бұл ретте, сот актілерінің орындалуын қамтамасыз ету және әлеуметтік маңызы бар істерге бақылауды күшейту басты назарда тұр.

Шымкентте құқықтық мәдениет жаңа деңгейге көтерілді

Шымкент қаласында заңгерлік қызметтің жаңа дәуірі басталды. Қала тұрғындары бүгінде құқықтық көмекке бұрынғыдан да оңай әрі тиімді жолмен қол жеткізіп отыр. Әділет департаментінің бастамасымен енгізілген бірқатар цифрлық шешімдер азаматтардың құқықтық сауатын арттырып, заңдық дауларды жылдам шешуге ықпал етуде.

Шымкент фармациясының даму бағыты

Шымкент қаласында медициналық және фармацевтикалық қызмет көрсетуді бақылаумен қатар, бұл саланы цифрландыру мен халықаралық стандарттарға сәйкестендіру бағытында да жүйелі жұмыстар атқарылуда.

Медициналық және фармацевтикалық бақылау жүйесіндегі жаңашылдықтар

Шымкент қаласындағы Медициналық және фармацевтикалық бақылау департаменті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты аумақтық бөлімше ретінде денсаулық сақтау саласының қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету бағытында бірқатар жұмыстарды жүйелі түрде атқарып келеді.

Түркістанның туристік әлеуетін арттыратын бастама

Түркістан қаласында туризм саласындағы қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында арнайы гид-экскурсоводтарды даярлау курсы басталды. Жоба Түркістан қаласының әкімдігі және Туризм басқармасы, Туризм және меймандостық университетінің бастамасымен жүзеге асырылуда.