Кентау қаласында көпбалалы аналар марапатқа ие болды

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес бүгін Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов көпбалалы аналарды мемлекеттік наградалармен марапаттады. Салтанатты шара барысында 4 ана «Алтын алқа», 7 ана «Күміс алқа» төсбелгісінің иегері атанды.

Кентау қаласының әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдау барысында қала тұрғындары әлеуметтік көмек, балалар ойын алаңшаларын салу, жолдарды жөндеу, жер мәселесі және өзге де өзекті мәселелер бойынша көтерді.

Кентау қаласында «Рухани керуен» жобасы аясында тағылымды кездесу өтті

Кентау қаласындағы Ш. Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайында Түркістан облысы дін істері басқармасының ұйымдастыруымен «Рухани керуен» жобасы аясында тағылымды кездесу өтті.

Кентау қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты жиын өтті

Кентау қаласының әкімі Жандос Тасовтың төрағалығымен кезекті аппараттық жиын өтті. Жиынға қала әкімінің орынбасарлары, ауыл әкімдері, бөлім басшылары мен тиісті сала басшылары қатысты. Күн тәртібінде қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты екі маңызды мәселе қаралды.

Кентау қаласында грек-рим күресінен ашық республикалық турнир ұйымдастырылды

Кентау қаласында грек-рим күресінен 2013, 2014 және 2015 жылы туған кіші жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спортқа еңбегі сіңген спорт ардагері Есқара Тоқтасынұлының құрметіне арналған ашық республикалық турнир ұйымдастырылды.

Кентау қаласында кәсіпкерлікке қызығушылық танытқан жандарға кәсіп бастаудың жолдары түсіндірілді

«TÚRKISTAN» Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының ұйымдастыруымен кәсіпкерлікке қызығушылық танытқан болашақ кәсіпкерлерге арналған «Кәсіпкерлік негіздері» тақырыбындағы семинар-тренинг өз мәресіне жетті. Семинар барысында орталықтың оқыту бөлімінің басшысы Ержан Кангелдиев бизнес бастауға қажетті алғашқы қадамдар мен тиімді бизнес-жоспар әзірлеу жөнінде жан-жақты түсіндірді.

Кентау қаласында «Жүректе – мейірім, қолда – білім» тақырыбында ұстаздарға арналған шара өтті

Кентау қаласында «Жүректе – мейірім, қолда – білім» тақырыбында салтанатты шара өтті. Жиынға қала әкімі Жандос Тасов, қалалық маслихат төрағасы Қаблан Елеусізов, «Әділет» партиясы Кентау қалалық филиалының хатшысы Арман Басаров, зиялы қауым өкілдері мен білім саласының ардагерлері, мектеп мұғалімдері, сала қызметкерлері қатысты.

Кентау қаласына инвестиция тарту аясында әлеуметтік-экономикалық келісімге қол қойылды

Кентау қаласының әкімдігі, қалалық мәслихаты және «QazKen Cement» ЖШС жергілікті халықты әлеуметтік-экономикалық қолдау туралы келісімге қол қойды. Құжат қаланың дамуына, тұрғындарды жұмыспен қамтуға және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға бағытталған.