Түркістан: ескерткіштерге жауапкершілікпен қарау керек

Түркістанда тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі Түркістан облыстық комиссиясының отырысы өтті. Осы саладағы өзекті мәселелер талқыланып, аудан, қалалардан келген ұсыныстар қаралды. Жиында облыс әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев ескерткіштерді орнатуда заң талаптары қатаң сақталуы керек екенін жеткізді.

Түркістан облысында «Ауыл – ел бесігі» жобасы бойынша 337 жоба жүзеге асырылуда

Түркістан облысы әкімі аппаратының апталық мәжілісінде «Ауыл – Ел бесігі» жобасының орындалу барысы талқыланды. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды жауапты басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдеріне мемлекет бөлген қаржыны тиімді жұмсап, ауылдардың еңсесін тіктеуді тапсырды. Осы жобаны жүзеге асыруда көш соңында келе жатқан аудан, қала әкімдеріне сын-ескертпе айтып, есептерін тыңдады. Жұмысты күшейту керектігін айтты.

Түркістан: мемлекеттік қызметтер сапасын жақсарту мәселесі талқыланды

Түркістан облысы әкімдігінің көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасының динамикасы соңғы 4 жылда 57,39 балл көрсеткішінен 89,45 балға көтеріліп, операциялық бағалау оң нәтиже беріп отыр. Биыл қызмет көрсету сапасын 90 балға жеткізу жоспарлануда. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен аппарат отырысында көрсетілген мемлекеттік қызметтер есебі тыңдалып, кемшіліктер сараланды.

Түркістан: сексеуіл алқабын ұлғайту арқылы құм көшкіні саябырсып келеді

Түркістан облысында сексеуіл орманының алқабы ұлғайып келеді. Былтыр Отырар орманшылары 5700 гектар жерге сексеуіл дәнін сеуіп, биыл жасыл желекке айналдырып отыр. Нәтижесінде, шөлді аймақта құм көшкіні басылған. Табиғат қорғаушылары сексеуіл алқабын сақтап, мүмкіндігінше кеңейтуге кіріскен.

Түркістан қаласында 5 жылда 10 мыңға жуық отбасы баспаналы болды

Түркістан облысында жалпы өңірлік өнім көлемі 2019 жылдан бері 3 есе өсіп, былтыр 319 млрд. теңгеге жетті. Биылғы 6 айдың қорытындысымен бұл көрсеткіш 141 млрд. теңгені құрап отыр. Құрылыс жұмыстарының көлемі 5 есе өсіп, былтыр 200 млрд. теңгеден асса, биыл жарты жылда 77 млрд. теңгеге жетіп отыр. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Түркістан қаласы тұрғындарымен есеп беру кездесуінде мәлімдеді.

Түркістан облысы: Жетісайда ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін бірнеше зауыт салынып жатыр

Жетісай ауданында БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз туры өтті. Тур аясында журналистер Ш.Ділдәбеков ауылдық округінде орналасқан «Мақтаарал-қыш» ЖШС зауытына барды. Өндіріс орны 10 жылдан астам уақыттан бері тоқтаусыз жұмыс істеп келеді. Бүгінде зауыт құрылтайшысы 30 жергілікті тұрғынды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Күніне 30-35 мың дана қыш өндіріледі. Кәсіпкер Нұрдулла Қалисаевтың айтуынша, бір қыштың бағасы 45-50 теңге.

ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ТОЛЫҒЫМЕН АЯҚТАЛДЫ

Шаһарда 2023-2024 жылдарға жылу беру маусымына дайындық жұмыстары толығымен аяқталған. Бұл туралы баспасөз брифингінде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Нұрсадық Ергешбек мәлімдеді. Брифингте Шымкент қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Мақсат Ердембеков, «Қуатжылуорталық-3» мекемесінің директорының міндетін атқарушы Нұрбек Орынбаев сұрақтарға жауап берді.

- Штаб құрамы бекітіліп, бүгінгі таңда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және әлеуметтік сала объектілері мен инфрақұрылым жүйелерінің дайындық жұмыстары толық аяқталды. Қаланың 23 бөлек орналасқан жылу қазандықтары мен орталықтандырылған жылу жүйесіндегі 17 сорғы станциялары жылу беру маусымына дайын. Жылу жүйелерінің тозу деңгейін төмендету мақсатында жергілікті және республикалық бюджеттен 13,2 км жылу желілерін жөндеуге 5,4 млрд теңге қаржы қаралды.Тұрғындар үйдің ішкі жылу жүйесіне қызмет көрсететін жеке сервистік мекемелермен келісім-шартқа тұрып, тозығы жеткен құбырларды ауыстыру және күтіп ұстау жұмыстарын жүргізу қажет.Сондай-ақ, жылу берілген үйдің пәтер иелері жоғарғы қабаттан немесе пәтер ішінен ауа шығару жұмыстарын жүргізу тұрғындардың міндетіне кіреді, - деді Н.Ергешбекұлы.

Сондай- ақ сервистік қызмет көрсететін мекемелермен келісім-шартқа тұрмаған көпқабатты тұрғын үй тұрғындары, жарамсыз құбырлар мен басқа да материалдарын қамтамасыз еткен жағдайда «Қуатжылуорталық-3» МКК-ны тиісті жұмыстарды атқаруға дайын екендігін атап өтті.

Айта кетейік, бүгінгі таңда қаладағы 464 бюджеттік мекеме жылуға толық қосылған. Оның ішінде 251 білім мекемесі, 100 денсаулық сақтау мекемесі, 68 мәдениет, 29 спорт, 16 жұмыспен қамту мекемелері жылумен қамтылған.

ШЫМКЕНТ: ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР АРАСЫНДА ШАҒЫН ФУТБОЛДАН ЖАРЫС ӨТТІ

Шымкент қаласында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының мүшелік ұйымына кіретін мекемелердің әлеуметтік сала қызметкерлері жастарының арасында шағын футбол спорт түрінен жарыс өтті.

Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының, Шымкент қалалық "Еңбек мобильділігі" орталығының және Әл-Фараби, Абай, Еңбекші, Қаратау, Тұран аудандары бойынша "Мансап" орталықтарының қызметкерлері жастар арасында бұқаралық спортты насихаттап, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында спорттық сайысқа түсті.

Бір қуаныштысы – сала қызметкерлері арасында өзара спорттық сайыстар жиі ұйымдастырылып тұрады.

Ал, осы жолы өткен жарыс ерекше.

Өйткені, шағын футболдан дода Қазақстандағы әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күніне орайластырылған.

Осыған байланысты спорт ойыншылары достық қарым-қатынасты арттырып, кәсіби мерекелік көңіл-күйде болды.

Өткізілген жарыс қорытындысы бойынша Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының командасы I–орынды, Шымкент қалалық «Еңбек мобильділігі» орталығының командасы II-орынды және Тұран аудандық «Мансап» орталығының командасы III-орынды иеленді.

Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Мақсат Жолдасбеков пен Шымкент қалалық «Еңбек мобильділігі» орталығының директоры Шағдат Әсетұлы жеңімпаз командаларға арнайы кубоктар мен 4 номинация бойынша үздік ойыншыларға марапаттар табыстады.

«Қызмет» салалық кәсіподағының Шымкент қалалық филиалы әлеуметтік сала қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, спорттық шараны жоғары деңгейде өткізгені үшін шынайы алғысын білдіреді.