Түркістанда сэндвич-панель шығаратын жаңа зауыттың капсуласы салынды

Түркістан облысында өндірісті дамыту, зауыттар ашу, инвестиция тарту бағытында қарқынды жұмыс жүріп жатыр. Таяуда Түркістандағы «TURAN» арнайы экономикалық аймағында сэндвич-панель шығаратын жаңа зауыттың капсуласы салынды. Оған облыс әкімі Дархан Сатыбалды мен инвесторлар арнайы қатысып, жұртшылықты құттықтады.

Түркістан қаласындағы «GOLDEN CAMEL» зауыты өз жұмысын қайта бастады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңдеу өнеркәсібін дамыту және жаңа жұмыс орындарын ашу бағытындағы тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысында жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстар өз нәтижесін беруде. Осы бағытта Түркістан қаласында «TUKISTAN» индустриалды аймағы құрылып, онда кәсіпорындар өз ісін жүргізіп отыр.

Шымкентте бірыңғай есеп күні өтті

Шымкент қаласының әкімдігінде дәстүрлі Бірыңай есеп күні өтті. Қала әкімінің орынбасары Айдын Кәрімовтың төрағалығымен өткен жиынға Шымкент қалалық прокуратурасы басқармасының басшысы Бақытжан Байғозиев, Шымкент қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Сабира Адамбекова, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің және басқа да бақылау-қадағалау органдарының, салалық басқармалар мен аумақтық департаменттердің басшылары, кәсіпкерлер қатысты.

Түркістан қаласында жиһаз шығаратын жаңа зауыт ашылды

Түркістан облысында өндіріс орындары мен жұмыс орындарын ашу, инвестиция тарту бағытында қарқынды жұмыс жүріп жатыр. Таяуда облыс орталығы Түркістан қаласындағы «TURKISTAN» индустриалды аймағында жиһаз цехы ашылды. Ашылу салтанатына Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды арнайы қатысып, кәсіпорынның жұмысына сәттілік тіледі.

Шымкент: Жәрмеңкеде 4534 бос жұмыс орны ұсынылды

Елімізде қыркүйек айының үшінші жексенбісі «Еңбек күні» мерекесі тойланады. Бұл күнді мерекелеудің негізгі мақсаты – өнімді еңбекті ынталандыру, жастар арасында жұмысшы мамандықтарды насихаттау және Президенттің жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру жөніндегі идеясы шеңберінде жұмысшы әулеттерінің көпжылдық дәстүрлерін нығайту.

Құмар ойындарға тәуелділікті азайту үшін кешенді жоспарлар жүзеге асырылуда

"Лудомания – бейбіт күнде елдің шырқын бұзып жатқан қатер. Соның кесірінен талай шаңырақ шайқалды. Талай азамат заң бұзып, қылмысқа ұрынды".  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында осылай деді.

Шымкентте заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғандар құрықталды

Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасымен лудомания, яғни құмар ойындарға тәуелділік мәселесі бойынша кешенді жоспар әзірленді. Осы ретте  Қазақстанда заңсыз ойын бизнесімен күрес қарқын алып келеді.

Шымкентте 2,5 мың адам есірткі жарнамасын жоюға атсалысты

Қалалық полиция департаменті, Шымкент қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Шымкент – есірткісіз қала» науқанын өткізді.

Іс-шараға жалпы 2500-ге жуық адам қатысты. Оның ішінде полиция қызметкерлері, прокуратура, қала жастары, аудан әкімдіктеріне қарасты коммуналдық мекеме жұмысшылары, нарколог-дәрігерлер, спортшылар, еріктілер мен партия өкілдері де бар.

«Астана» алаңында арнайы жиналған қатысушыларға іс-шараның мақсаты мен маңыздылығын жеткізіліп, нұсқамалар берілді.

Шара барысында есірткі жарнамаларын анықтап жою бойынша жұмыстар атқарылды. Көшеаралық, аулааралық қарау жүргізіліп, тұрғындарға есірткі қылмыстарын жасағаны үшін заңды жауапкершілікті ескерту, азаматтарды салауатты өмір салтын ұстануға шақыру және нашақорлықтың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара қорытындысымен 2332 граффити бояу түріндегі есірткі жарнамаларының, олардың интернет желісіндегі сілтемелерінің атаулары жойылды.

Акция барысында полиция қызметкерлері мен белсенді жастардың қырағылығының арқасында есірткінің заңсыз айналымына қатысты құқық бұзушылықтар да анықталды.

Мәселен, Қаратау және Тұран аудандарын аралау жұмыстарын жүргізу барысында жергілікті тұрғындардан есірткіге ұқсас заттар табылып, полиция қызметкерлерімен тәркіленіп алынды.

Сонымен қатар, іс-шарада интернет-алаяқтықты ескерту мақсатында арнайы жадынамалар таратылды.

Тұрғындармен кері байланысты нығайтып, құқық бұзушылықтың кез-келген түріне «нөлдік төзімділік» қағидасын қалыптастыру мен қоғам арасында есірткіге қарсы теріс көзқарас орнату бағытында жұмыстар атқарылды. Полицейлер қала аумағында есірткіге қарсы жұмыстарды өткізу мен оған тиімді тосқауыл қою бойынша іс-шаралар тұрақты түрде жалғасатынын жеткізді.

Чемпиондар лигасы: «Биік-Шымкент» әйелдер футбол командасының қарсыластары белгілі болды

2024-2025 жылғы футболдан әйелдер командалары арасындағы УЕФА Чемпиондар лигасына Қазақстан Республикасының атынан “БИІК-Шымкент” командасы қатысады. Жеребе тарту нәтижесі бойынша шымкенттік арулар іріктеу кезеңінің “8” тобында өнер көрсетеді. Бұл топта “НСА” (Болгария), “Расинг-Юньон” (Люксембруг) және “Галатасарай” (Түркия) командаларымен өзара күш сынасып, келесі кезеңге қатысатын клубты анықтайды.