АЭС салу - энергияға деген тәуелділіктен құтқарады
Ғылымның дамуы мен қатар су электр станциялары мен жылу электр станцияларының, сондай-ақ қайта қалпына келетін энергия көздерінің рөлі электр энергиясын өндіруде күннен-күнге артып келеді.
Ғылымның дамуы мен қатар су электр станциялары мен жылу электр станцияларының, сондай-ақ қайта қалпына келетін энергия көздерінің рөлі электр энергиясын өндіруде күннен-күнге артып келеді.
8-13 қыркүйек күндері Қазақстан астанасында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтті. 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында апта бойы 21 спорт түрінен сайыстар ұйымдастырылды.
Түркістан қаласы Білім бөліміне қарасты Төле би атындағы N19 жалпы білім беретін мектебінде ұлттық құндылықтарды насихаттау және "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында "Ұлттық ойындар - ұлт қазынасы" жобасын ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу мақсатында "Мектепке асық сыйла" атты асық сыйлау акциясы өткізілді.
Түркістан қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің Кітапханаларды дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Кітапхана - заманауи әлемде: дәстүрлер мен инновациялар» тақырыбында тәжірибе алмасу семинары болып өтті.
Түркістан қалалық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен мемлекет және қоғам қайраткері Нұртас Дәндібайұлы Оңдасыновтың туғанына 120 жыл толуына орай «Өмірі өнегелі азамат» атты тұлға кеші өтті. Іс-шараның мақсаты - Нұртас Оңдасыновтың өмірі мен қызмет жолын, шығармашылығын насихаттау, туған жердің тұлғаларын жас ұрпаққа таныту.
Түркістанда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында тазалық жұмыстары ұйымдастырылып, оған мектеп оқушылары да атсалысты. Тазалық шарасын қоғам белсендісі, "ТазаLike, ТазаLife" жобасының авторы Әсел Бимырзаева ұйымдастырып, оған ерікті азаматтар мен № 8 Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта мектебінің оқушылары қатысты.
Түркістанда қалалық «Балалар мен жасөспірімдер спорт клубының» ұйымдастыруымен мектеп оқушылары арасында бірнеше спорт түрінен жарыс өтіп жатыр. «Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы» тақырыбында ұйымдастырылған спорт жарысында жасөспірімдер волейбол, шахмат пен тоғызқұмалақтан сынға түсті.
Бүгін Шымкент қаласының туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасының «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығының ұйымдастыруымен қаламыздың туризм саласында білім алған студенттер мен түлектерді қолдау тұрғысында осы саладағы білікті мамандармен кездесу өтті.
Аталған форумның мақсаты жас мамандардың тәжірибе алмасуына жағдай жасау, ішкі туризм саласымен, «Visit Shymkent» ТАО қызметімен таныстыру, студенттерді өндірістік тәжірибеге тарту, одан әрі жұмысқа орналастыруға ықпал ету болып табылады. Еркін форматтағы жиынға қаламыздың жоғары және колледж сутденттері мен түлектерінен жиналға 400-ге жуық жастар қатысты.
Іс-шара барысында жастар туризм саласында тәжірибелі мамандардан пайдалы кеңестер мен нақты бағыт-бағдар алды. Әрбір қатысушы көкейіндегі сұрағына жауап алып, кәсіби және шығармашылық идеяға толы талқылауға қатысты. Ол өз кезегінде бизнес байланыстар мен ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік береді.
Келген қонақтар жетістікке жету жолындағы еңбектері мен тәжирибелі сабақтарымен бөлісіп, жастарға жол көрсетті. Сарапшылар өздерінің білім қорымен және жастарға біліктіліктерін дамытуға көмектесетін сәтті жобаларымен бөлісті. Тіпті гид қызметіне нақты мысалдар келтіріп, кездесудің маңызын ашты.
– Туризм көптеген елдерде басымдықты сала. Елімізде енді дамып келе жатқан салада шағын, орта және ірі бизнестің бірқатар алатын орны бар. Мәселен, жол бойы сервисі желілерін, қонақүйлер ашу сияқты. Дегенмен негізгі міндет – адамдарды қаламызға тартып, бірнеше күнге қалуға, қаржыларын осында жұмсап, кәдесыйлар алуына, мейрамханаларға баруына жағдай жасау. Осындай тәжирибелерімен бөлісіп келген спикерлерге рахмет, жастар үшін маңызды болды деп есептеймін. Сондай-ақ, жастарға біздің орталықтың есігі әрдайым ашық, орталықта өндірістік тәжірибеден өтуге, біздің тарапымыздан бағыт-бағдар беруге, жұмыспен қамтуға да әзірміз, – дейді «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығының басшысы Ерлан Умаров.
Алматы қаласында Комбат дзю-дзюцудан жасөспірімдер мен жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Атаулы жарысқа 12 облыстан және 3 қаладан 500-ден астам спортшы қатысты.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен «Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының 2024 жылдың 8 айында атқарылған жұмыс қорытындылары туралы» тақырыбындағы баспасөз конференциясында айтылды.
Шымкент қаласында лифтілердің қауіпсіздігі мен тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында бірқатар шаралар жүзеге асырылуда. Қалада жалпы 1233 лифт бар, оның ішінде 941-і тұрғын үйлерде, 58-і денсаулық сақтау мекемелерінде, 50-і мектептерде, ал 184 лифт сауда орталықтары мен қонақ үйлерде орналасқан.
2024 жылдың басынан бері 70 лифтке комиссиялық сынақтар өткізіліп, 69 лифт ресми тіркеуге қойылды. Қазіргі уақытта жүк көтергіш құралдарды тіркеу «Egov.kz» порталы арқылы электронды түрде жүзеге асырылуда.
Лифт шаруашылығының жаңғыртылуы да назардан тыс қалған жоқ. Үкіметтің «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында жергілікті бюджет есебінен ағымдағы жылы 24 лифтіні жаңарту жоспарланып отыр. Бұл жұмыстарға «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС жауапты.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қызмет көрсетуші мекемелердің жауапкершілігін арттыру мақсатында, тұрғындардан келіп түсетін шағымдар мен өтініштер «Айкөмек 109» байланыс орталығымен интеграцияланған. Нәтижесінде, лифттердің тоқтап қалуы немесе ішінде адам қалып қою жағдайлары тіркелген жағдайда, қызмет көрсетуші мекемелер жедел әрекет етіп, мәселелерді уақтылы шешуге міндеттелген.
Қала әкімдігі бұл бағыттағы жұмыстарды тұрақты бақылауда ұстап, тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлылығын басты назарда ұстап отыр.