АЭС – энергетикалық тәуелсіздіктің кепілі
Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі туралы әркім әртүрлі пікірлер айтып жүр. Дегенмен соңғы уақытта қолдаушылардың қатары артып келеді. Сала мамандары, энергетиктер мен ғалымдар АЭС-ті салу елдегі экономиканың дамуы мен әлеуметтік жағдайдың жақсаруына әкелер еді деген пікірді қашаннан бері айтып жүр. Жасыратын несі бар, қалай айтсақ та қазіргі күні экономиканы алға қарай жылжыту үшін бар мәселе электр қуатына байланысты болып тұрғанына халықтың көзі жетіп келеді.