Отырар: аудан әкімі тұрғындарды ауылдарды дамыту бағытындағы жұмыстармен таныстырды

Аудан басшысы Сәкен Сұлтанханов Балтакөл, Маяқұм ауыл округтерінің тұрғындарымен кездесіп, талап-тілектерін тыңдады. Алдымен бұған дейін тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныс-пікірлер мен өтініштердің орындалуы туралы баяндаған аудан әкімі ауылдарды дамыту бағытында атқарылатын жұмыстарды атап өтті.

Отырар ауданы: Талаптыда бір ауысымда 25 адам қабылдайтын дәрігерлік амбулатория салынып жатыр

Отырар ауданының әкімі Сәкен Сұлтанхановтың аудан халқымен кездесуінде айтылған ауыл тұрғындарының өтініші шешімін тауып келеді. Соның бірі Талапты елді мекенінің тұрғындары тарапынан «Ауылда дәрігерлік амбулатория салынса» деген мәселе көтерілген.

Отырар тарихын насихаттайтын көрменің ашылуы өтті

Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының «Ұлы Жібек жолы және Отырар алқабының қалалық мәдениеті» атты жылжымалы көрмесінің ашылуы өтті.

Отырар ауданы: Қоғам және Қарғалы ауыл округтеріндегі ауыз су мен ағын су мәселелерін шешу бойынша жұмыстар істелінуде

Отырар ауданының әкімі Сәкен Сұлтанхановтың аудан тұрғындарымен кезекті кездесу жиыны түс ауа Қоғам және Қарғалы ауыл округтерінде жалғасын тапты. Кездесуде аудан басшысы аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап, қос ауыл округінде көтерілген мәселелердің іске асу барысы туралы айтып өтті.

Отырар ауданы: ауыл округтеріндегі түрлі мәселелер рет-ретімен шешіліп келеді

Отырар ауданының әкімі Сәкен Сұлтанхановтың аудан халқымен кезекті кездесуі Отырар және Талапты ауыл округтерінде өтті. Алдымен Арыс елдімекенінде болып тұрғындардың талап-тілегін тыңдаған аудан басшысы бұған дейінгі кездесулерде көтерілген мәселелердің орындалуы туралы айтып берді.

Отырар ауданы: бітімгерлік – бірлікке бастайды

Елімізде дау-жанжалды шешудің жаңа әдісі медиацияның енгізілгені белгілі. Бірнеше бағыттағы арыз-шағымдарды қарастыратын медиация әдісі бүгінде халық арасында кең көлемде насихатталып, ауқымы күн санап кеңейіп келеді. Қос тараптың шағымын бейтарап тарапта қарастырып, сотқа дейін шешуді мақсат тұтатын медиаторлардың да біліктілігі бүгінде басты назарда.

Шәуілдірде жүйелі жұмыстар жалғасын тауып келеді

Аудан әкімі Сәкен Сұлтанхановтың аудан тұрғындарымен кездесу жиыны Шәуілдір ауыл округінде жалғасын тапты. Кездесу барысында аудан басшысы атқарылып жатқан жұмыстары туралы баяндап, алда тұрған міндеттерді атап өтті.

Отырар ауданында жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Биылғы жылы Отырар ауданында жалпы 39 көшеге ағымдағы және орта жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Аталған игі істер «Ауыл - ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде және жергілікті бюджет есебінен атқарылуда.

Отырар ауданы: Темір ауылына биыл табиғи газ беріледі

Отырар ауданының әкімі Сәкен Сұлтанханов Темір ауыл округінің тұрғындарымен кездесіп, ауданда атқарып жатқан жұмыстары туралы баяндады. Кездесуге аудандық мәслихаттың төрағасы Уәлихан Ұзақов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бектіқұл Арзықұл, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Көлбай Жалғасбай, дербес бөлімдер мен мекеме басшылары және ауыл тұрғындары қатысты.

Отырарда «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 19,6 шақырым жол жөндеуден өтеді

Отырар ауданында жол жөндеу жұмыстары қарқын ала бастады. Аудан әкімі Сәкен Сұлтанхановтың ауыл округтерде өткен кездесулерінде тұрғындардың айтқан ұсыныс-пікірлері ескеріліп, соның негізінде ағымдағы жылы «Ауыл - ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде және жергілікті бюджет есебінен аймақтағы жалпы 39 көшеге ағымдағы және орта жөндеу жұмыстары жүргізіледі деп жоспарланған болатын.