Түркістанның туристік тартымдылығын арттыруға әсер ететін ғимараттардың жай-күйі талқыға түскен жиын өтті

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өңірде салынатын ғимараттар мен жобалардың сәулеттік келбетін талқылауға арналған кезекті жиын өтті. Мәжілісте Келес ауданы мен Түркістан қаласында жүзеге асырырылуы жоспарланған бірқатар бастамалар қаралды. Жиын барысында 7 сәулеттік жоба таныстырылып, жас сәулетшілер өз ұсыныстары мен идеяларын ортаға салды.

Отырар ауданындағы «Қызыл Ту» насос станциясына жаңа қондырғылар орнатылды

Отырар ауданындағы шаруаларды ағын сумен жүйелі түрде қамтамасыз ету мәселесі оң шешімін тауып келеді. Бүгін аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы «Қызыл Ту» насос станциясына арнайы барып, жаңадан орнатылған су айдайтын насостардың жұмысымен танысты.

Сауран ауданы: Иассы ауылдық округінде әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері талқыланды

Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаровтың төрағалығымен Иассы ауылдық округі тұрғындарымен есеп беру кездесуі өтті. Кездесу барысында ауылдық округтің 2026 жылдың алғашқы төрт айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары сараланып, алдағы кезеңге арналған міндеттер мен жоспарлар талқыланды.

Отырар ауданында ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін ірі жобалар жүзеге асырылуда

Түркістан облысы, Отырар ауданында инвестиция тарту және жаңа өндіріс орындарын ашу жұмыстары қарқын алды. Өңір басшысы Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес, ауданда ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу және кәсіпкерлік саласын дамытуға басымдық беріліп отыр.

Сауран ауданында ұлағатты ұстазды еске алуға арналған волейбол турнирі ұйымдастырылды

Сауран ауданында білім саласының ардагері, ұлағатты ұстаз әрі білікті басшы Зубайдилла Наршабаевты еске алуға арналған волейболдан аудандық турнир ұйымдастырылды. Дәстүрлі спорттық шараға ауданның жалпы білім беретін мектептерінің педагогтері мен қызметкерлерінен құралған командалар қатысты.

Сауран ауданы: Шорнақ ауылдық округіндегі атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер сараланды

Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаровтың төрағалығымен Шорнақ ауылдық округінде ауыл тұрғындарымен есеп беру кездесуі өтті. Кездесу барысында Шорнақ ауылдық округінің әкімі Нұрсейіт Бабичев округтің 2026 жылдың бес айындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен алдағы кезеңге жоспарланған жұмыстар туралы есеп берді.

Отырар ауданы: алқалы жиында мемлекеттік маңызы бар өзекті мәселелер талқыланды

Аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлының төрағалығымен кезекті аппараттық жиын өтіп, оған аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл округтері әкімдері, дербес бөлімдер мен мекеме басшылары қатысты. Жиында ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен мемлекеттік маңызы бар өзекті мәселелер қаралды.

Сауран ауданы: Үшқайықта атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер талқыға түсті

Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров Үшқайық ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, округ әкімінің 2026 жылдың алғашқы төрт айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары бойынша есебіне қатысты.

Түркістан облысында қағаз, мақта өнімдерін шығаратын зауыттар салынып жатыр

Түркістан облысында инвестиция тарту, инвестициялық ахуалды жақсарту және жаңа жобаларды іске асыру мәселелерін талқылауға арналған кезекті инвестициялық штаб отырысы өтті. Жиынға облыс әкімі Нұралхан Көшеров төрағалық етті.