Сібір жарасынан сақ болыңыздар!

Шымкенттік мамандар Сібір жарасы –  жұқпалы ауру, оның қоздырғышы – спора түзуші  бактерия екенін айтуда. Бұл инфекция жануарлардан адамға жұғатын ауру, әдетте, шөпқоректі  (сиыр, қой,ешкі сияқты) жануарларды зақымдайды. Бактерия топырақта ондаған жылдар бойы сақталуы мүмкін, споралар түзеді. Бактериялар өте күшті токсиндерді бөліп шығарады, көп жағдайда өлімге әкеледі. Адамдар ауру малдардан жұқтыруы немесе малдан алынатын бұзылған өнімдер арқылы жұқтыруы мүмкін.

Мемлекет есебінен кімдер шетелде емделе алады

2025 жылы 7 адам еліміздегі медициналық ұйымдарда шетелден шақыртылған мамандардығ қатысуымен ем қабылдаған. Бұл туралы №9 қалалық емхананың бас дәрігері Р.И Оразбаева төмендегідей мәлімет берді.

Түркістан облысы мен Sinopec компаниясы стратегиялық әріптестіктің жаңа кезеңін бастады

Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары аясында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Цзянсу провинциясының Нанкин қаласында әлемдегі жетекші инженерлік және өнеркәсіптік компаниялардың бірі – Sinopec Nanjing Engineering компаниясының бас директоры әрі партия комитеті хатшысының орынбасары У Цзибо және «САУТС-Ойл» компаниясының президенті Серікжан Сейтжановпен маңызды келіссөздер өткізді.

Серозды менингитпен ауырмау үшін...

Серозды менингит – бұл ми қабығының зақымдалуымен сипатталатын жұқпалы ауру. Аурудың қоздырғыштары – вирустар, бактериялар, саңырауқұлақтар. Бұл аурумен 3-6 жас аралығындағы 14 жасқа дейінгі балалар жиі ауырады.

Түркістан облысы мен қытайлық ірі компаниялар арасындағы стратегиялық әріптестік жаңа деңгейге көтеріліп келеді

Қытай Халық Республикасының Цзянсу провинциясы, Нанкин қаласында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Қытайдың жетекші өнеркәсіптік және тоқыма компаниялары – Lihua Group компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Чжан Цихайд пен оның серіктесі халықаралық ірі тоқыма өндіруші Huafang компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Шэн Шоусянмен кездесті.

Шымкент: Медицина күніне орай «AMANAT» партиясы атынан сала үздіктері марапатталды

Елімізде маусым айының үшінші жексенбісінде ақ халатты абзал жандардың кәсіби мерекесі – Медицина қызметкерлері күні атап өтіледі. Бұл – адам өмірі мен денсаулығын сақтауға өлшеусіз үлес қосып жүрген сала мамандарына көрсетілген зор құрметтің белгісі.

Сәулелік терапия кабинеттеріндегі радиациялық қауіпсіздік – ерекше бақылауда

Шымкент қаласы Еңбекші ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы сәулелік диагностика және терапия кабинеттерінде радиациялық қауіпсіздік талаптарын сақтау пациенттердің, медицина қызметкерлерінің және халықтың денсаулығын қорғаудың басты шарттарының бірі екенін ескертеді.

МӘМС-ке қатысты сауал көп

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауында Үкіметке жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып, медициналық қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторинг жүргізетін жаңа жүйе әзірлеуді тапсырған болатын. Бұл бастама денсаулық сақтау саласындағы ашықтықты арттырып, халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасын нақты әрі әділ бағалауға бағытталған маңызды қадам екені белгілі.