Super User

Super User

Түркістан облысы: Сарыағаш ауданына ақпараттық топ келді

Түркістан облыстық жастар ресурстық орталығының ұйытқы болуымен Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен іс-шара өткізілді. Аталған іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Марат Сейтімбетов, ауданның ішкі саясат бөлімінің басшысы Алдияр Қозыбаев, облыстық жастар ресурстық орталығының басшысы Береке Дүйсебеков, Сарыағаш жастар ресурстық орталығының басшысы Қанат Иматов және облыстық, аудандық телеарналар тілшілері қатысты.

Түркістан облысынан 4600 тонна ет экспортталды

Биыл Түркістан облысы 4600 тонна ет өндіріп, оны көрші Өзбекстан мен Иранға және Біріккен Араб Әмірліктеріне жөнелткен. Бұл - республика бойынша экспортталған ет өнімдерінің 55 пайызын құрайды. Аталған мәліметтерді облыстық ауыл шаруашылығы басқарма басшысының міндетін атқарушы Нұрбек Бадырақов журналистерге арналған баспасөз мәслихатында айтты.

Ордабасылық шаруалар 9 айда 25 млрд. теңгенің өнімін өндірген

Ордабасы ауданы экономикасының негізгі салаларының бірі – ауыл шаруашылығы. 2018 жылдың 9 айында ауыл шаруашылық саласында 25 млрд. 849 млн. 300 мың теңгенің өнімі өндіріліп, 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 103,9 пайызды құрады. Оның ішінде мал шаруашылығының өндірісі 15 млрд. 150 млн. 800 мың теңге, нақты көлем индексі 101,5 пайыз, егін шаруашылығының өнімі 10 млрд. 608 млн. 500 мың теңге, нақты көлем индексі 107,3 пайыз және балық шаруашылығы 90 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 100 пайызды құраған.

Түркістан облысы құрылыс басқармасының басшысы тағайындалды

Түркістан облысы әкімінің өкімімен Үсіпәлиев Тоқтар Оразұлы құрылыс басқармасының басшысы болып тағайындалды. Тоқтар Оразұлы Үсіпәлиев 1972 жылы 22 қазанда Шымкент облысы Сайрам ауданы Самсоновка ауылында дүниеге келген. 1990-1996 жылдары Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясында құрылыстағы экономика және басқару мамандығы бойынша инженер-экономист, 2003-2006 жылдары Орталық Азия университетінде газ-мұнай құбырлары мен газ-мұнай қоймаларын жобалау, салу және пайдалану мамандығы бойынша инженер біліктілігін алып шыққан. 

Осы RSS каналға жазылу