Super User

Super User

Арыс қаласында бокстан халықаралық турнирдің ашылу салтанаты өтті

Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы өзекті мәселелердің бірі – салауатты өмір сүру, оны халыққа кеңінен насихаттау. Осы мақсатта Арыс қаласындағы спорт денешынықтыру сауықтыру кешенінде бокстан КСРО-ның бірнеше дүркін чемпионы, КСРО және АҚШ командалары арасында өткен кездесудің жеңімпазы, спорт қайраткері Марат Жақсыбаевты еске алуға арналған ашық Республикалық турнирдің ашылу салтанаты өтті.

Түркістан облысы: Қапланбекте жастар тың жобаларды қолға алып отыр

Сарыағаш ауданына келген Түркістан облыстық ақпараттық топ Сарыағаш қаласында өзіндік орны бар, білікті де білімді жастарға толы Қапланбек аграрлық-текникалық колледжіне болды. Қапланбек аграрлық-текникалық колледжі 1929 жылы 27-қарашада құрылған. Осы уақытқа дейін Еліміздің өсіп көркейуіне үлес қосқан азаматтар шыққан бұл оқу орнында 1300-жуық студент білім алады.

Түркістанда Төлеби ауданы өнерпаздарының «Түркістанға сәлем» мерекелік концерті өтті

Облыс орталығы Түркістан қаласына ауысуына байланысты өңір облыс әкімінің тікелей  тапсырмасына сай әр аптаның сенбі-жексенбі күндері «Есімхан» алаңында аудан, қалалардың мерекелік концерттік бағдарламасы көрініс табуда. Осы орайда, 21 қазан күні Төлеби ауданының 150-ге жуық өнерпазы «Түркістанға сәлем!» бағдарламасын ұсынды.

Сарыағаш ауданында шағын футболдан «Студенттік лига» ойыны өтті

Сарыағаш ауданы, Сарыағаш қаласында орналасқан спорт кешенінде арнаулы орта оқу орындарының арасында спорттың шағын футбол түрінен «Студенттік лига» ойыны өтті. Жарысқа жалпы Сарыағаш ауданынан 5 команда және Келес ауданынан 1 команда қатысып бақтарын сынады.

Осы RSS каналға жазылу