Super User

Super User

Түркістан облысы: «Нұр Отан» партиясы Түлкібас аудандық филиалының кезектен тыс XXХIV конференциясы өтті

Бүгін Түлкібас ауданының орталығы Т.Рысқұлов ауылының мәдениет үйінде «Нұр Отан» партиясы Түлкібас аудандық филиалының кезектен тыс XXХIV конференциясы өтті. Конференцияның жұмысына Түлкібас ауданы әкімі, аудандық партия филиалының төрағасыНұрбол Әбдісаттарұлы Тұрашбеков, аудандық мәслихат хатшысы Сәдуахас Балтабайұлы Сейсенбаев, аудандық маслихат депутаттары, «Нұр Отан» партиясының белсенді мүшелері, ардагерлер кеңесінің өкілдері, атқарушы және өкілетті билік пен мемлекеттік мекемелердің басшылары, партияның «Жас Отан» Жастар Қанаты мүшелері мен жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. 

Түркістан облысы: Атакент кентіне жаңа басшы тағайындалды

Қазанның 16-сында Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов кент активіне Атакенттің жаңа басшысын таныстырды. Сайлаудан жеңіп шыққан Сламхан Азимов аудан әкімінің өкімімен жеке еңбек шартына сәйкес, міндетті арнайы тексеруден өткенге дейін Атакент кенті әкімінің міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды. 

Түркістан облысы: Мақтаарал ауданының әкімі Мақтаарал ауылдық округінің жаңа басшысын таныстырды

Қазанның 16-сында аудан әкімі Бақыт Асанов Мақтаарал ауылдық округінің активіне округтің жаңа басшысын таныстырды. Сайлаудан жеңіп шыққан Ибраев Алим Джумадуллаевич аудан әкімінің өкімімен жеке еңбек шартына сәйкес, міндетті арнайы тексеруден өткенге дейін Мақтаарал ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды. 

Түркістан облысы: Мақтаарал аудандық мәслихатының сессиясында бірқатар комиссияларды құру дауысқа салынды

Мақтаарал ауданында аудандық мәслихаттың кезекті отыз тоғызыншы сессиясы өтті. Жиынға аудан әкімі Бақыт Асанов, аудандық мәслихаттың депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары мен дербес бөлім басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. 

Осы RSS каналға жазылу