Super User

Super User

Қазығұрт ауданының 90 жылдығына орай ғылыми-теориялық конференция өтті

Таяуда Қазығұрт ауданының 90 жылдық мерейтойы атап өтілгені белгілі. Осыған орай ұйымдастырылған «Қазығұрт – адамзаттың рухани шыңы» атты ғылыми-теориялық конференцияда өңір басшысы Жансейіт Түймебаев «Қазығұрт қарыштап дами бермек», - деді. 

Түркістан облысында егістіктік көлемі 800 мың гектардан асқан

Түркістан облысындағы егістік жердің көлемі 807,4 мың гектарға жеткен. Өткен жылы бұл көрсеткіш 798,4 мың болғанын ескерсек, 9 мың гектарға артқанын аңғаруға болады. Мұндай жетістікке «Агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында жетіп отырмыз. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында облыстық ауыл шаруашылық басқармасының басшысының міндетін атқарушы Нұрбек Бадырақов мәлімдеді.

Түркістан облысы: Қазығұртта бірнеше әлеуметтік нысан пайдалануға берілді

Таяуда Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Қазығұрт ауданының 90 жылдық мерейтойына арнайы қатысып, ондағы бірқатар әлеуметтік нысандардың ел игілігіне берілуіне куә болды.

Түркістан облысы: Жансейіт Түймбаев діни конфессия өкілдерімен кездесті

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев «18 қазан – Рухани келісім күні» мерекесіне орай, өңірдегі діни конфессия басшыларымен кездесіп, жиналғандарды атаулы мейраммен құттықтады. Өңір басшысы елімізде дінаралық татулықтың күн санап салтанат құрып келе жатқанын айтып, оның нақты дәлелі ретінде таяуда Астанада «Діни көшбасшылар қауіпсіз әлемде» тақырыбында алтыншы рет өткен әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезіндегі Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың сөзін мысал етті. 

Осы RSS каналға жазылу