Super User

Super User

Түркістан облысы: Келес ауданында «Рухани келісім» күні аталып өтті

Келес ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастырумен 18 – қазан «Рухани келісім» күніне орай, Келес ауданының Абай ауылындағы №13 колледждің кіші футбол алаңында діни бірлестіктер арасында татулықты нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Рухани келісім – бейбітшілік кепілі» атты спорттың кіші футбол түрінен сайыс өтті.

Түркістан облысында «Шымқорғанның қызғалдағы» атты кітаптың тұсаукесері өтті

Түркістан облысы Жетісай аудандық мәдениет үйінде аудандық «Әжелер алқасы» қоғамдық ұйымының төрайымы, еңбек ардагері, ақын-сазгер Айжамал Қоңырбаеваның «Шымқорғанның қызғалдағы» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Шараға Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев, Түркістан облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары, әжелер алқасының төрайымы Үрзада Айтөреева, ақын Мұхтар Құралов және бір топ зиялы қауым мен БАҚ өкілдері қатысты.

Мақтааралда мектеп оқушыларының мектеп формасына қатысты мәселе шешімін тапқан

Жаңадан құрылған Мақтаарал ауданында 2018-2019 оқу жылы қарсаңында мектеп оқушыларына «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы №26 бұйрығы таныстырылып, аудандық білім бөлімі тарапынан тиісті жұмыстар жүргізілген. Алайда, Жаңажол ауылдық округіне қарасты Фирдауси ауылындағы А.Фердауси атындағы жалпы орта мектептің кейбір оқушылары министрдің бұйрығындағы талаптарды сақтамаған болатын.

Түркістан облысы: республикалық насихаттық топ Отырар ауданында болды

Отырар ауданына ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 5 қазан 2018 жылғы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын насихаттау мақсатында ҚР Білім және ғылым министрлігі Мемлекет тарихы институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы Бүркітбай Аяған бастаған республикалық ақпараттық-насихаттық топ өкілдері келді.

Осы RSS каналға жазылу