Super User

Super User

Түркістан облысы: «Нұр Отан» партиясы Жетісай аудандық филиалының төрағасы сайланды

Қазанның 3-інде «Нұр Отан» партиясы Жетісай аудандық филиалының кезектен тыс І есептік-сайлау конференциясы өтті. Конференцияға «Нұр Отан» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрмахан Жолдасов, кент, ауылдық округ әкімдері, аудандық мәслихат депутаттары, бөлім, мекеме басшылары, ардагерлер, әйелдер кеңесі, жастар жетекшілері және БАҚ өкілдері қатысты. 

Созақ ауданының 90 жылдығына орай 24 нысан пайдалануға берілді

Түркістан облысы Созақ ауданының 90 жылдық мерейтойына орай 24 нысан ел игілігіне тапсырылды. Олардың қатарында Құмкент ауылындағы спорт кешені бар. Заманауи үлгідегі спорт ғимаратында күрес, бокс, футбол және волейбол сынды спорт түрлерінен секциялар жұмыс істейді. Сондай-ақ, мерейтой қарсаңында Шолаққорған ауылындағы 50 орындық «Айжан» бөбекжай балабақшасы, «Жібек жолы» сауда кешені, Қарағұр ауылында «Жастар» саябағы, 2 спорт алаңы мен 1 балалар ойын алаңы ашылды.

Түркістан облысы: Ассамблея Жолдауды жүзеге асыруға жұмылатын болады

Түркістан облысында Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен  ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауын сараптауға арналған   жиын өтті. Қазақстан халқы Ассамблеясының бірыңғай күні аясында өткен  мәжіліске облыс басшылығы, облыстық ассамблея хатшылығының және «Қоғамдық келісім» КММ-ның қызметкерлері, этномәдени бірлестіктердің төрағалары,  облыстық ассамблея жанындағы құрылымдардың жетекшілері мен мүшелері,  жоғары оқу орындарындағы «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының оқытушылары мен жастар қатысты. 

Созақ ауданының 90 жылдығына орай ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Созақ ауданының 90 жылдығына орай Шолаққорған ауылы «Мыңжылқы» мәдениет сарайында «Созақ-жыр, Созақ-сөз, Созақ-өнер» атты ғылыми тәжірибелік конференция өтті. Айтулы жиында алғашқы болып сөз алған облыс әкімі Жансейіт Түймебаев Созақ өңірінің қазақ тарихындағы рөліне тоқталып, өңір тұрғындарын ауданның мерейтойымен құттықтады.

Осы RSS каналға жазылу