Super User

Super User

Түркістан облысында «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында бірқатар жұмыстар атқарылған

Бұдан былай Түркістан облысында педагогтардың бос орындары туралы хабарламалар электронды түрде берілетін болады. Бұл туралы облыстық Білім басқармасының басшысы Исатай Сағындықов мәлімдеді.

«Астана-Түркістан» теміржол бағыты ашылатын болды

Астана қаласынан Түркістанға сапар шегетін жолаушылар үшін жағымды жаңалық! Ендігі жерде Елордадан Түркістан қаласына дейін пойыз ауыстырмай-ақ жетуге толық мүмкіндік тумақ. «Жолаушылар тасымалы» АҚ Түркістан облысына көлік қатынасын дамыту және жолаушыларды Қазақстанның танымал туристік орындарының біріне қарай тасымалдау мақсатында №176/175 Астана-1 - Шымкент пойызының бағытын Түркістан қаласына дейін ұзартып жатыр.

Түркістан облысында «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті

Түркістан облысының аумағында 17 мен 21 қыркүйек аралығында жүргізілген «Қару»  республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 64 дана заңсыз қару тәркіленген. Учаскелік инспекторлармен 7 мыңнан астам қару иелері тексеріліп,  заңсыз қару сақтау ережелерін бұзғаны үшін 429 азаматқа қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылыпты.

Халықаралық «Ясауитану-2018» байқауының жеңімпаздары анықталды

Түркістан қаласында Астананың 20 жылдығына жəне «Əзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мəдени қорық-музейінің 40 жылдық мерейтойына орай мектеп оқушылары арасында дəстүрлі XXII «Ясауитану-2018» Халықаралық байқауы мәресіне жетті. Жиырма екі жылдық тарихы бар «Ясауитану» байқауына биыл еліміздің Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Ақмола облысы, Алматы облысы, Ақтөбе облысы, Қарағанды облысы, Қостанай облысы, Қызылорда облысы, Шығыс Қазақстан облысы, Түркістан облысы және Түркістан қаласы және Өзбекстан, Түркия, Қырғызстан Республикаларынан 41 оқушы қатысып бақ сынады.

Осы RSS каналға жазылу