Super User

Super User

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев ардагерлермен кездесті

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Қарттар күні қарсаңында Түркістан қаласының ардагерлерімен кездесті. Басқосуда облыс әкімі ел ақсақалдарын мерекемен құттықтап, облыс орталығын дамытуға рухани тұрғыдан дамытуға атсалысуға шақырды.

«Абылай ханның қара жолы» экспедициясы Түркістанға келді

Өткен жексенбі, яғни, 23 қыркүйек күні Түркістан қаласына «Абылай ханның қара жолы» экспедициясы келіп жетті. Бұл экспедиция Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 2018 жылғы 17 қыркүйек күні Бурабайдағы Абылай хан алаңынан бастау алған болатын.

Жетісай ауданында Қызылқұм ауылының 70 жылдық мерейтойы аталып өтті

Түркістан облысы Жетісай ауданында Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасы аясында Қызылқұм ауылдық округінің 70 жылдық мерейтойы аталып өтті. Мерекелік шара округке кіреберістегі «Шаңырақ» монументінің ашылуымен бастау алды. Еңселі монументтің ашылу салтанатына Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әбдіғаппар Исаев, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Тойым Жүнісов, профессор Бегім Серіков сынды азаматтар қатысты.

Түркістан облысы: Жұмысшы топ заңдағы өзгерістерді түсіндіру үшін Төлеби ауданының елдімекендерін аралады

Қыркүйектің 17-19 күндері Төлеби аудандық прокуратурасының бастамасымен аудандық прокуратура, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық департаментінің Төлеби аудандық бөлімі, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлері бірлесе Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша енгізілген өзгерістер мен толықтырулар жөнінде тұрғындармен кездесіп түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Осы RSS каналға жазылу