Түркістанда өткен халықаралық инвестициялық форумға шет мемлекеттерден 250-ден аса делегат қатысқан
Түркістан қаласында «Көне Түркістан – жаңа мүмкіндіктер» атты халықаралық инвестициялық жəне туристік форум өтті. Форумға Еуропа елдерінен, Түркия, Ресей, Оңтүстік Корея, Қытай, Сингапур, Иран, Малайзия, Пәкістан, Өзбекстан т.б. мемлекеттерден 250-ден астам делегат келіп қатысты.