Шымкент: қоқыс алаңы орнындағы саябақ сақалды құрылысқа айнала ма?

Шымкенттегі 40 жыл бойы жұмыс істеген қоқыс алаңының түтіні төңіректегі тұрғындарды әбден тұншықтырып, әбігерге салғаны әлі естен шыға қойған жоқ. Мәселенің өзектілігі ескеріліп, 2015 жылы қоқыс алаңы жабылған-ды. Іле-шала қоқыстың орнын көміп, қайта өңдеу жұмыстары басталды. 

Шымкент: биылғы оқу жылында 5 мектеп ел игілігіне беріледі

Биылғы оқу жылында Шымкент қаласы бойынша жаңадан 5 мектептің тұсауы кесілмек. Әзірге шаһарда 10 білім ошағының құрылысы жүргізіліп жатыр. Бұдан бөлек екі мектептің құрылысын бастау үшін тиісті құжаттары әзірленуде. Ал қыркүйек айында пайдалануға берілетін мектептердің құрылысы бүгінде қызу жүріп жатыр.

Жаңа мектептің бірі «Шаңырақ» шағынауданынан бой көтеруде. Аты меңзеп тұрғандай, мұнда негізінен қазақ топырағын аңсап, сырттан қоныс аударған қандастарымыз тұрады. Олардың ұл-қыздары бірнеше жылдан бері өзге білім ошақтарына қатынап оқитын. Енді биылғы қыркүйек айынан бастап 600 орындық мектеп бұйырмақ. Мердігерлер бүгінде «Нысан құрылысының 85 пайызын аяқтадық» деп сендіріп отыр. Әйткенмен қаражат мәселесінде қолбайлау болып тұрған жайттардың барын да жасырмады.

Ал құрылысы 2017 жылдың қазан айында басталған тағы бір білім ошағына 1 миллиардқа жуық теңге қаралыпты. 3 гектар аумақта еңсе тіктеп жатқан мектеп, сала мамандарының айтуынша, 2019 жылға өтпелі екен. Бір қуанарлығы, бұл нысанда мүмкіндігі шектеулі оқушылар үшін қолайлы жағдай жасалып жатыр. Жеделсаты мен арнайы әжетхана бөлек салынуда.

Құрылыс жұмыстары келер жылға өтпелі саналатын тағы бір мектеп Әкімшілік-іскерлік орталығында орналасқан. 1200 орындық білім ошағының құны 1 миллиард 600 миллион теңгеге бағаланған. Биыл 1 миллиард 300 миллион теңге игеріледі деп жоспарланған. Жалпы, қалалық білім бөлімінің «Осы қарқыннан таймасақ, 2019 жылы Шымкент қаласында үш ауысымда білім беру мәселесі түбегейлі шешіледі» деген болжамы бар.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Шымкент: байдарка және каноэде ескек есуден қалалық ашық турнир өтті

Түнеугүні Шымкенттегі Бадам су қоймасында байдарка мен каноэде ескек есуден қалалық ашық турнир өтті. Шараның ашылу салтанатына облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Айтмұхамедәлі Бердашов пен Азия рекордсмені, Афины олимпиадасының қатысушысы Анастасия Прилепа қатысып, жастарға сәттілік тіледі. 

Шымкентте заманауи «Fontan» аквапаркі ашылды

Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін керемет жаңалық! Шымшаһардың орталығынан «Fontan» атты аквапарк ашылып, пайдалануға беріліп отыр. Салтанатты жиынға Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев қатысып, қала қонақтары мен тұрғындарын құттықтады.

Шымкентте «Ерлік» мұражайының жаңа ғимараты ашылды

Шымкент қаласында «Ерлік» мұражайының қосымша ғимаратының ашылу салтанаты өтті.  Шара аясында облыс әкімі Жансейіт Түймебаев бастаған өңір ардагерлері мен зиялы қауым өкілдері «Жеңіс» саябағындағы Ұлы Отан соғысының батыры, генерал Сабыр Рақымовтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Жиында аймақ басшысы Жансейіт Қансейітұлы жұртшылықты жаңа ғимараттың ашылуымен құттықтады.   

Шымкентте «демалыс» профилактикалық іс-шарасы өтуде

Шымкентте «демалыс» профилактикалық іс-шарасы аясында көпқабатты тұрғын үйлерде тұратын балалармен және олардың ата-аналарымен түрлі іс-шаралар өткізілуде. Шымкенттің Төтенше жағдайлар басқармасы мен Азаматтық қорғаныс басқармасының қызметкерлері балаларға терезелерден құлап кетпеу үшін және суға тұншықпау үшін  не істеу керектігін түсіндіріп жатыр.

Оңтүстік Кореялық компания Шымкентте «ақылды үйлер» салатын болды

Шымкент қаласында алдағы 10 жылда «ақылды үй» технологиясын қолдану арқылы жайлы тұрғын үйлер салынады. Салынатын «ақылды» пәтерлердің саны – 5500. Тиісті меморандум «Шымкент» ӘКК, қала әкімдігі және Оңтүстік Корея құрылыс компаниясы арасында жасалды.