Шымкент: Тапсырыспен тамақ тасымалданады

Астың сан түрлі мәзірімен ерекшеленетін Шымкенттегі дәмханалар төтенше жағдайға байланысты қонақ қабылдауды тоқтатқан. Дегенмен карантин тәртібіне сай онлайн арқылы тапсырыс қабылдап, дәмді қалалықтарға жеткізіп беріп, жұмысын жалғастыруда. Бұл жоба қаншалықты тиімді? Қорапқа салып, алып келетін тағамдар санитарлық нормаларға сайма? 

Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырудың 4 жаңа жағдайы тіркелді

Бұл – бүгінгі дерек. Назар аударарлығы, ол науқастардың барлығы – індет анықталған азаматтармен тығыз байланыста болған тұлғалар. Барлығы стационарлық карантинде медициналық қызметкерлердің бақылауында болған екен. 

Шымкент: Блок-бекеттерге ас-ауқат таратылды

Шымкент қаласының имамдары блок-бекетті күзеткен сақшылар мен медицина мамандарына ас-ауқат таратты. 18 постты аралап, арнайы мәзірді ұсынған дін өкілдері «Жүрек жылуы» бағдарламасының шеңберінде игілікті іске мұрындық болды. 

Шымкенттік дәрігерлер бұрама шеге жұтып қойған балаға көмек көрсетті

Дәрігерлер үш жасар баланың асқазанынан 4 сантиметрлік шеге алып шыққан. «Жедел жәрдеммен қалалық клиникалық балалар ауруханасына жеткізілген баланың жағдайы алғашқыда орташа ауыр дәрежеде еді» - дейді дәрігерлер. 

Шымкент: Төтенше жағдайға жауаптылардың өзі дезинфекциялық дәліз орнатты

Қауіпсіздік өзімізден басталады. Осыны ұстанған Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаменті бөлімшелеріне өздері дезинфекциялық дәліз орнатқан. Жеке құрам арнайы тапсырмадан келгеннен кейін міндетті түрде тепловизорлық тексерістен, сосын дезинфекциялық тазалаудан өтеді. 

«Біз біргеміз!» акциясы Сайрам ауданында жалғасты

Түркістан облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-ң Сайрам аудандық филиалы ұйымдастыруымен, Елбасының «Біз біргеміз!» қайырымдылық республикалық акциясы аясында ауданның бір топ кәсіпкер азаматтары қамқорлықты қажет ететін жалғыз басты аналарға, мүмкіндігі шектеулі көмекке мұқтаж отбасыларға азық – түлік, антисептик құралдарымен, медициналық бетперделер таратты.

Түркістан: Сайрам базарларындағы азық-түлік бағасы бақылауда

Бүгін "Nur Otan" партиясы Сайрам аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Алмас Әбдрахманұлы Әбдіқадыров пен Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Бахадир Абдуганиұлы Олжаев және партиялық бақылау комиссиясының мүшелері аудан орталығындағы сауда базарларында азық-түлік бағаларын қарап шықты.