Түркістан: «Қапшағай» су қоймасында қоқыстан тазарту жұмыстары жүруде

   Түркістан облысы Бәйдібек ауданы үшін «Қапшағай» су қоймасының маңызы зор. Тіршілікке нәр берген нысан суын мұқым аудан жұрты тұтынады. Су қоймасының арқасында жер емген диқандардың да шаруасы шалқып отыр.

Түркістан облысында «Біз біргеміз» акциясын қолдаған кәсіпкерлер көп

  Түркістан өңірінде «Nur Otan» партиясының бастамасымен қолға алынған «Біз біргеміз» акциясы жалғасын табуда. Акция аясында Сайрам ауданы Әсіл ауылындағы аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік пакет таратылды.

Түркістан облысында коронавирус жұқтырған 5 азамат бақылауға алынды

  Қазіргі таңда эпидемиологиялық жағдай бойынша Түркістан облысы аумағында коронавирус инфекциясын жұқтырған 5 адам бар. Барлығы Жетісай ауданының тұрғындары. Бүгінде науқастар дәрігерлер бақылауына алынып, жағдайы қанағаттанарлық дәрежеде.

Түркістандық көпбалалы аналар көмек көрсетіп жатқан кәсіпкерлерге алғысын білдірді

  Түркістан өңірінде «Nur Otan» партиясының бастамасымен қолға алынған «Біз біргеміз» акциясы жалғасын табуда. Түркістан облысында ел мүддесін көздеп, қолындағысын өзгемен бөлісуге даяр тұратын азаматтардың көп екені соңғы кездері байқалып жүр.

Түркістан облысында пандемияның алдын алу жолында 5 мың ерікті еңбек етуде

Түркістан облысында қауіпті індеттің алдын алу жолында 5 мыңдай ерікті еңбек етуде. Олар, залалсыздандыру жұмыстары мен халыққа азық-түлік және тазалық сақтауға қажетті тауарларды таратуға көмектесуде.

Түркістандық кәсіпкер қауіпті індетпен күреске 5 млн теңге аударды

Түркістан облысында «Біз біргеміз!» акциясы жалғасын табуда.  Коронавирусқа қарсы күресті күшейту мен көмекке мұқтаж жандарды қолдау мақсатында белгілі кәсіпкер, облыстық мәслихат депутаты, «Бөрте милка» ЖШС директоры Нұралы Әбіш арнайы қорға 5 миллион теңге аударды.