Шымкентке республикалық маңызы бар қала мәртебесі берілгелі қала өмірінде көптеген өзгерістер орын алып жатыр. Соның бірі ретінде қаладағы кәсіпорындардың жұмысшыларының жалақыларының арта бастауын айтуға болады. Мәселен, "Shymkent Temir" ЖШС Шымкент мегаполис атанған соң жұмысшыларының жалақысын көтерген қаладағы алғашқы кəсіпорын атанып отыр. Таяудақала басшысы Ғабидолла Əбдірахымов кəсіпорынды аралап қайтқан болатын. Мекеме жетекшісі Руслан Омаровқа жұмысшыларының еңбекақысын көтеру бастамасы үшін алғыс айтты.