Түркістан облысының агроөнеркәсіптік кешені республика бойынша бірінші орында

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың экономиканы әртараптандыру, агроөнеркәсіп кешенін дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуді ұлғайту, инвестиция тарту және экспорттық әлеуетті арттыру жөніндегі тапсырмалары Түркістан облысында кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің үйлестіруімен аграрлық салада жүйелі жұмыстар атқарылып, өндірістен бастап қайта өңдеу мен экспортқа дейінгі барлық бағыттарда нақты нәтижелерге қол жеткізілуде.

Созақтық кәсіпкер «Ауыл аманаты» арқылы кәсібін ашып, нәсібін ұлғайтуда

Ауылдың әлеуетін арттырып, тұрғындардың табысын көбейтуге бағытталған «Ауыл аманаты» жобасы Созақ ауданында өз нәтижесін беріп келеді. Бағдарлама ауыл тұрғындарына тек жеңілдетілген несие ұсынып қана қоймай, кәсіп бастауына, жаңа жұмыс орындарын ашуына және отандық өнім өндіруіне кең жол ашуда.

Созақ ауданында мемлекеттік қызмет саласындағы жаңа заңнамалық талаптар түсіндірілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Ерғали Жұмабаевтың төрағалығымен Созақ ауданында мемлекеттік қызмет саласындағы жаңа заңнамалық талаптарды түсіндіруге арналған семинар өтті.

Кентауда «Ясауи керуені» ғылыми-танымдық семинары өтті

Кентау қаласында Қожа Ахмет Ясауидың рухани-философиялық мұрасын кеңінен насихаттауға арналған «Ясауи керуені» ғылыми-танымдық семинары өтті. Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, ғалымдар, теологтар, дінтанушылар, зиялы қауым өкілдері мен жастар қатысты.

Сауран ауданында «Ясауи керуені» ғылыми-танымдық семинары өтті

Сауран ауданында Қожа Ахмет Ясауидың рухани-философиялық мұрасын кеңінен дәріптеуге бағытталған «Ясауи керуені» ғылыми-танымдық семинары ұйымдастырылды. Рухани-ағартушылық іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, ғалымдар, теологтар, дінтанушылар, зиялы қауым өкілдері мен жастар қатысты.

Күл ауруының алдын алу – денсаулықты қорғаудың сенімді жолы

Күл (дифтерия) – Corynebacterium diphtheriae бактериясынан туындайтын, адамнан адамға көбінесе ауа-тамшылы жолмен берілетін қауіпті жұқпалы ауру. Бұл дерт негізінен ауыз қуысы мен мұрын-жұтқыншақтың шырышты қабығын зақымдап, ағзаның жалпы улануына әкеледі. Аурудың ауыр түрлері жүрекке, жүйке жүйесіне және басқа да өмірлік маңызды мүшелерге асқыну беріп, дер кезінде емделмесе өмірге қауіп төндіруі мүмкін.

Түркістанда ұлттық құндылықтарды жаңғыртуға бағытталған «Ясауи керуені» ғылыми-танымдық семинары ұйымдастырылды

Түркістан қаласындағы «Достық» үйінде Қожа Ахмет Ясауидың рухани-философиялық мұрасын кеңінен дәріптеуге арналған «Ясауи керуені» ғылыми-танымдық семинары өтті. Ауқымды рухани-ағартушылық жоба Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлттық құндылықтарды жаңғырту, тарихи тұлғалардың мұрасын кеңінен насихаттау жөніндегі тапсырмаларын іске асыру мақсатында ұйымдастырылды.

Созақтық шаруалар жиын-терім науқанын бастады

Созақ ауданында биылғы жиын-терім науқаны басталды. Диқандар маусымдық жұмыстарды уақытылы ұйымдастырып, егін жинау науқанын қарқынды жүргізуде. Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Жон аймағындағы егіс алқаптарын аралап, науқан барысымен танысты. Жұмыс сапары барысында «Камила РБР» ЖШС-нің егіс алқабында болды.