Сауран ауданы «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалінде ІІ орын иеленді

Түркістан қаласында өткен дәстүрлі «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалінің қорытындысында Сауран ауданы жоғары нәтиже көрсетіп, ІІ орынға ие болды. Фестивальдің салтанатты жабылу рәсімінде үздік өнер ұжымдары мен жеңімпаздар марапатталды.

Отырар ауданы: кезекті аппараттық мәжілісте жылу беру маусымына дайындық барысы қаралды

Аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлының төрағалығымен кезекті аппараттық мәжіліс өтті. Жиынның күн тәртібінде ауданның жылу беру маусымына дайындық барысы және аудан аумағында егілген көшеттердің өнімділігі мәселелері қаралды.

Түркістанда Ұлттық мәдениетті насихаттауға бағытталған «Шәмші әндері» өнер фестивалі мәресіне жетті

Түркістан қаласындағы «Керуен сарай» туристік кешенінде қазақ музыкасының көрнекті өкілі, ән падишасы, Қазақстанның Халық әртісі Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығын ұлықтауға арналған «Шәмші әндері» өнер фестивалі өтті.

Отырар ауданында музей ісіне арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік семинар өтті

2026 жылғы 17 шілде күні «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының Сапар орталығында «Музейлік керамикалық бұйымдарды консервациялау және реставрациялау: заманауи тәсілдер, әдістер және озық тәжірибелер» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік семинар өтті.

Ауыл шаруашылығы министрі Отырар ауданындағы мақта-тоқыма кластерінің жұмысымен танысты

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Түркістан облысына жасаған жұмыс сапары барысында өңірдің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесті. Талқылаудың негізгі тақырыптары мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін арттыру, су үнемдеу технологияларын енгізу және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамыту болды.

Отырар ауданында аптап ыстыққа қарсы «Салқын самал» іс-шарасы ұйымдастырылды

Отырар ауданында жазғы аптап ыстық кезеңінде тұрғындардың, әсіресе балалардың жайлы әрі қауіпсіз демалуына қолайлы жағдай жасау мақсатында аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлының тапсырмасымен орталық алаңда арнайы салқындату шаралары ұйымдастырылды.

Сауран ауданы: жаңадан қабылданған мемлекеттік қызметшілер ант қабылдады

Сауран ауданы әкімі аппаратының басшысы Бекзат Абубакировтың төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті. Жиын барысында мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған қызметкерлердің Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің оң қорытындысы негізінде мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға тағайындалуы рәсімделіп, бес мемлекеттік қызметші Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшісі антын қабылдады.

Түркістанда ойын алаңшалары мен жасыл желектерді күтіп ұстау жұмыстарына ерекше көңіл бөлініп келеді

Тұрғындарға қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру бағытындағы абаттандыру жұмыстары тұрақты түрде жалғасуда. «Жасыл Түркістан» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері балалар ойын және спорт алаңшаларын күтіп-баптау, жөндеу және қайта қалпына келтіру жұмыстарын, сондай-ақ көше бойындағы ағаштарды санитарлық қырқу, қураған ағаштарды тазалау және газондарды шабу жұмыстарын күнделікті атқаруда.