Шымкент: Қуғын-сүргін құрбандарын ақтау бойынша жұмыстар оң нәтиже беруде

Шаһарда саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссия үш жылдың ішінде ақталмаған 200 молда, ишандардың есімін анықтаған. Оның ішінде, 73 адамды ақтау жөнінде Президент Әкімшілігінің жанынан құрылған комиссияға ұсынып отыр. Шымкент қалалық саяси қуғын-сүргін құрбандары музейі директорының орынбасары Гүлмира Серікбаева «Тағылым.Тағдыр.Тұлға» тақырыбында өткен ғылыми-тәжірибелік конференцияда осылай деп мәлімдеді. Қалада мазмұнды, жастарға берер тәрбиелік мәні зор конференция соңғы он жылдың бедерінде алғаш рет ұйымдастырылды.

Шымкентте отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықты болдырмау мәселелері талқыланды

 

Шымкент қаласы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Қала әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы Сәрсен Құранбектің жетекшілігімен өткен мәжіліске басқарма басшылары және жергілікті үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Күн тәртібінде «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» жобасының іске асырылуы туралы мәселелер талқыланды.

Ақын Ханбибі Есенқарақызы шымкенттік жастармен кездесті

Бүгін Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті шаңырағында халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Парасат» орденінің иегері, ақын Ханбибі Есенқарақызының «Сөзі сара, жолы дара Ханапа» атты рухани кеш өтті.

Шымкент: Жіті ішек инфекциясы ауруларының эпидемиологиялық ахуалы тұрақсыздануы мүмкін

 

Жеміс-жидектердің ерте пісуіне байланысты және өңірлерде су тасқыны салдарынан ашық су көздері (өзен, көл және т.б.) ластануына орай өткір ішек жұқпалы аурулары, тырысқақ, паразитарлы аурулардың өршу қаупі туындауынан эпидемиологиялық ахуал тұрақсыздануы мүмкін. Бүгінде қаламызда күнделікті тұрғындар арасында жіті ішек инфекциясы, паразитарлы аурулардың тіркелуі жалғасуда.

Шымкенттің ерікті жастары бас қосты

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек «Қазақстан-Түркия достығы» саябағында қаладағы волонтерлік ұйымдардың жетекшілерімен, ерікті жастармен кездесті. Еркін форматта өткен іс-шарада қаладағы волонтерлік қозғалысты дамытудағы бірқатар мәселелер талқыға түсіп, ерікті жастардың ұсыныстары мен бірқатар мәселелерін тыңдады.

Сауран ауданы: Достық керуені Өзбекстан еліне жол тартты

Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаровтың бастамасымен аудандық ақсақалдар мен ардагерлер және қоғамдық ұйым төрғалары және өзбек этно мәдени бірлестігінің мүшелерінен құралған арнайы делегация Сауран ауданынан шығып, Өзбекстан Республикасының Самарқанд қаласына 3 күндік сапармен жолға шықты.

Ордабасы ауданы: шаруа қожалығы су үнемдеу арқылы гектарынан 720 центнерден өнім алуды жоспарлап отыр

Аудан әкімі Азат Оралбаев Қажымұқан ауылдық округінде болып, «Жан-2004» ЖШС-ның жұмысымен танысты. Аталған серіктестік Мемлекет басшысының тапсырмасына орай 450 Га алқапқа жаңбырлатып суғару әдісін енгізе отырып, мал азығын дайындауда.

Ордабасы: аудан әкімі жағдайы сын көтермейтін ауыз су мұнараларын ретке келтіру бойынша нақты тапсырма берді

Бүгін Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев «Таза су» мекемесінің мәселелері бойынша жиын өткізді. Оған аудан әкімінің орынбасары Қыдырбай Сейітқұл, «Таза су» мекемесінің директоры Асан Құрымбеков пен мекеменің мамандары, салалық бөлімдердің басшылары қатысты.