Түркістан облысы: «Мақтаарал» жеңіске жетті

Мақтаарал ауданындағы «Алпамыс батыр» стадионында футболдан Қазақстан Республикасы біріншілігі Бірінші лига командаларының 2004 жылғы жасөспірімдері арасындағы жарыстың IV кезең ойындары болып өтті. Жарыста мақтааралдық жасөспірімдер оза шауып бірінші орынды жеңіп алды. 

Түркістан облысы: Агроөндірістік кешенді дамытуға жыл сайын 100 млрд. теңге бағытталатынына жетісайлық шаруалар разы

Алдағы үш жылда агроөндірістік кешенді дамытуға жыл сайын қосымша 100 млрд. теңге қаржы бөлінетін болады. Бұл өз кезегінде қазақстандықтардың сапалы әрі қауіпсіз азық-түлік пайдалануына мүмкіндік туғызбақ. Бұл туралы Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі Жолдауында Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті. «Ұлан-ғайыр жері бар, құнарлы топырағы бар Қазақстан шетелден қымбат әрі сапасыз азық-түліктер алмауға тиіс. Біз өзімізді өзіміз асырай аламыз», - деді Елбасы. 

Түркістан облысы: Жетісай ауданы әкімдігі ұстаздар мәртебесін көтеруді ортақ міндеті санайды

Жетісай ауданында Ұстаздар күні мерекесі салтанатты түрде аталып өтті. Шараға аудан әкімі Ж.Бейсенбаев, аудандық мәслихат хатшысы Ә.Утанов, аудан әкімінің орынбасарлары мен сала басшылары және БАҚ өкілдері қатысты. 

Түркістан облысы: Мақтаарал ауданында мақтаның бағасы 180 теңге болып бекітілді

Мырзашөл өңіріндегі ризық-несібесі «ақ алтын» арқылы бұйыратын шаруалар үшін жағымды жаңалық! Кешегі аптада вице-премьер-Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев пен облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың Мақтаарал ауданына жасаған жұмыс сапарынан кейін мақтаның бағасы 180 теңге болып бекітілді. Министр мен облыс басшысы жергілікті зауыт басшыларымен және мақтаны экспорттаумен айналысатын трейдерлермен арнайы жиын өткізіп, жүргізілген нәтижелі жұмыстың арқасында «ақ алтынның» бағасы 10 теңгеге өсті. 

Түркістан облысы: Сарығаш ауданындағы ауруханаға көлік кілті табыс етілді

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Сарыағаш ауданына сапары барысында өңірдегі орталық ауруханаға арнайы аялдады. Мекеменің инсульт орталығындағы соңғы заманауи құрылғымен жабдықталған томография кабинетін саланатты түрде ашып берді. 

Елбасы өз Жолдауында Түркістан облысындағы «Бөрте-Милка» компаниясының жетістігін тілге тиек етті

Президент Нұрсұлтан Назарбаев халыққа арнаған Жолдауында Түркістан облысындағы «Бөрте-Милка» компаниясының жетістігіне арнайы тоқталды. Дәлірегі, «Негізгі міндет – еңбек өнімділігін және қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын 2022 жылға қарай 2,5 есе көбейту. Мәселен, Түркістан облысында «Бөрте Милка» ЖШС-і жаңа заманауи технологияларды пайдаланудың арқасында өнімділікті 2 есеге арттырған» деді.