ШЫМКЕНТТЕ ҚҰС ҚАЛДЫҒЫНАН БИООТЫН ДАЙЫНДАУ ЖОСПАРЛАНУДА

Шымкентте қала әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасы негізінде ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз ету деңгейін арттыру мақсатында биыл бірқатар инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жоспары енгізілген. Осыған орай Еңбекші ауданы, Базарқақпа тұрған алабында 28 гектар аумаққа жаңа құс фабрикасы салынып жатыр.  «Аймар құс» деп аталатын құс фабрикасының жалпы инвестициялық құны 4 млрд.теңге. Жоба бойынша 1-ші кезеңде қуаттылығы 220 мың құсқа арналған жеңіл конструкторлы фабрикасы құрылып, жылына 72 млн.дана жұмыртқа өндіріледі.

Қазіргі уақытта тәуліктік балапандарға арналған 2 қора жай мен мекиенге арналған 2 құс қорасының құрылысы аяқталып, толықтай құрал жабдықтары орнатылған. Өндіріс қуаттылығын арттыру үшін қосымша қора жайдың құрылысы да қарқынды жүріп жатыр. Аталған құрылыс осы жылдың қазан айында пайдалануға беру жоспарланған.  Құс фабрикасындағы құрал жабдықтар Германиядан жеткізілген. Жоба толықтай іске қосылғанда 100-ге жуық жаңадан жұмыс орны ашылмақ. Құс шаруашылығында заманауи технологияларды қолдануды қолға алған кәсіпкер алдағы уақытта құстан шыққан қалдықтардан биоотын және биогумус дайындап экологиялық таза тыңайтқыш өндіруді жоспарлап отыр.

Айта кетейік, қаладағы “Оңтүстік”арнайы экономикалық аймағында мақта аралас және киім маталарын өндіру жобасы іске асырылуда. Жобаның инвестиция көлемі 1 млрд. 980 млн. теңгені құрайды, шамамен 120 жұмыс орнын құру жоспарлануда. Фабрика жобалық қуаттылығына сай жылына 4 млн.  метр мата шығарады. Кәсіпорын 2024 жылдың наурыз айында іске қосылады деп жоспарланған. Дайын өнімдер ішкі нарыққа және экспортқа шығарылады.Қазіргі уақытта бұл жобаға ЖСҚ әзірленіп, жер бөлу жұмыстары жүргізілуде.Айта кетейік, “Оңтүстік” арнайы экономикалық аймағы жобаларының жалпы құны 163,5 млрд.теңге болатын 56 жобадан тұрады, олар 5 582 жұмыс орнын құруды көздейді. Оның ішінде жалпы инвестиция сомасы 58,4 млрд. теңгеге 35 жоба іске асырылып, бұған дейін 2 507 жұмыс орны ашылды. Ал «Жұлдыз» индустриалды аймағында жыл соңына дейін инфрақұрылыммен қамтамасыз етілетін бірінші кезекте 31 инвестициялық жоба бар. Жалпы алғанда биылғы жылға инвестициялық әлеует 721 миллиард теңгеге жоспарланған. Жыл басынан бері, яғни нақты айтқанда 2023 жылдың 6 айында 223,6 миллиард теңге орындалды. Жыл соңына дейін 278,6 миллиард теңге инвестиц тарту межеленген. Оның ішінде бюджеттік инвестициядан игерілетіні 217 жобаны құрайтын 112 миллиард теңге.

Отырар ауданының әкімі С.Сұлтанханов: «еңбексүйгіш азаматтарды қашан да қолдауға дайынбыз»

Отырар ауданының әкімі Сәкен Сұлтанханов бекітілген кестеге сәйкес аудан халқымен кездесуді жалғастырып жатқаны белгілі. Таяуда ол Талапты ауыл округінің тұрғындарымен кездесті.

Отырарлық қарапайым еңбек адамдары бұрын-соңды тәжірибелерінде болмаса да, бидай егуді қолға алған

Таяуда Отырар ауданының әкімі Сәкен Сұлтанханов қарапайым еңбек адамдарымен кездесу үшінҚарғалы, Темір ауыл округтеріне барды. Алдымен Қарғалы ауылындағы егістік алқапта болып, бидай егуді қолға алған шаруалардың жұмысымен танысты.

Отырар ауданында мүгедек жандарға әлеуметтік қызмет көрсету жоғары деңгейде

Бүгінде Отырар ауданында «Мүгедектігі бар балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсету» бөлімшесі бойынша арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге есепке алынған қызмет алушылар саны – 92 адамды құрап отыр. Оның ішінде 55 мүгедек балалардың тірек – қимыл аппараты бұзылған, 27 психоневрологиялық ауытқуы бар және 18 жастан асқан психоневрологиялық ауытқуы бар 10 мүгедектігі бар азамат қамтылған. Қызмет алушыларға 17 әлеуметтік қызметкер бекітілген.

Отырар ауданында ардагерлерге санаторийлерге жолдамалар беру жүйелі түрде жүзеге асырылуда

Отырар ауданында облыстық бюджет есебінен «Ардагерлер үйі» ардагерлер үйіне 133 жолдама бөлініп, бүгінгі таңға 42 игерілген. Ал, «Мейір» ардагерлер үйіне 100 жолдама бөлініп, 40 ардагер кезектілігіне қарай жолдамамен қамтамасыз етілгенін айта кетейік.

ШЫМКЕНТТІК СПОРТШЫЛАР ЖАРТЫ ЖЫЛДА ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТТАРЫНАН 18 МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛҒАН

Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бауыржан Тұманбаев 2023 жылдың 6 айында атқарылған жұмыстарды қорытындылап, баспасөз брифингін өткізді. Басқарма басшысы спорттық инфрақұрылымды және бұқаралық спортты дамыту, спорттық жетістіктер, жан басына қаржыландыру жобасы бойынша жүзеге асқан жұмыстар және алдағы жоспарларды баяндады.

Өткен жылы қалада дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданатын азаматтар саны 498 852 адамды немесе қала тұрғындарының жалпы санының 42 пайызын құрады. Биыл бұл көрсеткішті 43 пайызға жеткізу назарда тұр.

Шымкент қаласының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспары бойынша спорт саласының көрсеткіштері 4 бағытты қамтиды. 2023 жылдың I тоқсанында Үстел теннисі кешені, жаңа ипподром құрылысы (демеуші есебінен), Металлург стадионы, №20 спорт мектебі спорт ғимаратының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін №12 спорт мектебінің қосымша корпусы, Sport Life футбол орталығының құрылысы аяқталады.

– Биыл 2024 жылғы Олимпиада ойындарына жолдама берер жарыстар басталады. Бұл бағытта жоспарлы жұмыстар атқарылуда. Қытайда өтетін Жазғы Азия ойындарына шаһардан 50-ден астам спортшы үміткер болып отыр. Қазіргі таңда ҚР 6-шы жазғы Спартакиадасында 62 алтын, 55 күміс, 47 қола жүлдемен қала спортшылары жалпыкомандалық есепте 2-ші орында тұр, - деді басқарма басшысы.

6 айдың қорытындысы бойынша қала спортшылары Азия чемпионаттарынан 61 алтын, 45 күміс, 35 қола, әлем чемпионаттарында 6 алтын, 5 күміс, 7 қола жүлдеге ие болды.

Сонымен қатар, есепті кезеңде 1 еңбек сіңірген спорт шебері, 14 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 67 ҚР спорт шебері, 190 спорт шеберіне үміткер спортшылар дайындалды.

ШЫМКЕНТ: БОЗАРЫҚ ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҒЫНДА 30 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ

Бүгінде Қайнарбұлақ тұрғын алабы маңында «Бозарық» тамақ өнеркәсібі индустриялық аймағын құру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бүгін қала әкімі М.Әйтенов 132,9 гектарды алып жатқан индустриялық аймақта атқарылып жатқан жұмыс барысын қадағалады.

Мұнда бүгінде 13,5 шақырымдық ауыз су жүйелерінің құрылысы 85%, электр және табиғи газ желісімен қамту жұмыстарының көлемі 88% орындалған. Ал жобада қаралған 2 шақырым жолдың қазіргі таңда 1 шақырымы салынып, 7,9 шақырымдық ішкі орам жолдардың жартысына жуығының құрылысы аяқталған. Сондай-ақ кірме, қоршау, әкімшілік ғимараты бойынша жоба әзірленуде.

Аталған индустриялық аймақты жыл соңына дейін іске қосу жоспарлануда.

Индустриялық аймақта алдағы уақытта тамақ өнеркәсібімен айналысатын жалпы құны 73,9 млрд теңгені құрайтын, 1000-нан астам жұмыс орнын қамтитын 30 жоба жүзеге асырылады. Оның ішінде жалпы құны 25,7 млрд теңгені құрайтын, 560 жаңа жұмыс орнын қамтитын инвестициялық жобалар қолға алынады.

М.Дүйсенбекұлы жауаптыларға ең алдымен сапаны бақылап, кәсіпорындарға қолайлы жағдай жасау бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.

Индустриялық аймақта алдағы уақытта тамақ өнеркәсібімен айналысатын жалпы құны 73,9 млрд теңгені құрайтын, 1000-нан астам жұмыс орнын қамтитын 30 жоба жүзеге асырылады. Оның ішінде жалпы құны 25,7 млрд теңгені құрайтын, 560 жаңа жұмыс орнын қамтитын инвестициялық жобалар қолға алынады. Атап айтсақ, оның ішінде жалпы құны 25,7 млрд теңгені құрайтын, 560 жаңа жұмыс орнын қамтитын инвестициялық жобаларының құрылыс жұмыстары бастау алды. Атап айтқанда, олар: азық-түлік, косметикалық май және жеміс-жидек тағамдарының өндірісі, инвестиция көлемі - 456 млн. теңге, жұмыс орны - 25 адамды қамтиды. Сүт өнімдерін өндіру, инвестиция көлемі – 15 млрд теңге, жұмыс орны - 100 адам болса, газдалған және газдалмаған сусындар өндірісі, тартылатын инвестиция көлемі – 7,2 млрд теңге, жұмыс орны - 300 адамды қамтитын болады. Кондитерлік және жартылай фабрикаттар өндірісіне салынатын инвестиция көлемі – 1,1 млрд теңге, жұмыс орны - 35 адам деп жоспарланып отыр. Газдалған және газдалмаған сусындар өндірісі, 2 млрд тенге, жұмыс орны - 100 адамды қамтитын болады.

ШЫМКЕНТ: ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫ ҚОҒАМҒА БЕЙІМДЕЙДІ

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамдық кеңес отырысында ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға жан-жақты кешенді оңалту шаралары қажет екенін айтты. Сонымен бірге елімізде балалар скринингін жақсарту, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдары жанындағы әлеуметтік қызметтер жұмысын күшейтуге арнайы тапсырма берді.

Шымкент қаласы №6 балалар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар көп. Нәтижесінде тірек-қимылы жүйесі бұзылған балалардың денсаулығында оң өзгерістер байқалады. Заманауи медициналық құрал-жабдықтар мен оңалту шараларының әсерінен мұнда қимыл-қозғалысы нашар балалардың денсаулығы жақсарған.

ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Артур Ластаев Шымкентке арнайы іссапары барысында осы орталықты аралап, ерекше балаларға көрсетіліп жатқан әлеуметтік оңалту шараларымен танысты.

Орталықта 18 жасқа дейінгі психоневрологиялық ауруы бар мүгедек балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі. Емдік шараларға «ROBACTIV» локомотив жүйесі, модульдік баспалдақтың "STEP" түрі мен басқа да заманауи медициналық құрал-жабдықтар қолдануда.

Орталықта қазір стационарлық жағдайда 124, жартылай стационарлық жағдайда 82 бала қызмет алып жатыр. Оның ішінде тұл жетім, тастанды және асыраушысынан айрылған 25 бала орталық қамқорлығында. Оларға 8 арнаулы әлеуметтік психологиялық қызмет түрлері көрсетіледі.

Сонымен қатар балаларды қоғамға бейімдеуге ерекше көңіл бөлінген. Медициналық бөлімде физиоемдеу, стоматология мен емдік кабинеттер қарастырылған. Дәрігерлердің тағайындауы бойынша науқастарды емдеу үшін физиотерапиялық бағытта қызметтер көрсетіледі. Мұның барлығы біздің ерекше күтімді қажет ететін балаларымыздың денсаулығын жақсарту үшін жасалып отырған игі шаралар» – дейді мұндағылар.

 

ШЫМКЕНТ - АРМЕНИЯ АРАСЫНДА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ БАЙЛАНЫС ОРНАТЫЛАДЫ

Шымкент қаласы мен Армения мемлекеті арасында екіжақты қарым-қатынас кеңеймек. 

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Армения Республикасы Төтенше және Өкілетті елшісі Армен Гевондян, сонымен қатар Қазақстандағы Армения Республикасының бас консулы Анна Вачиянмен ресми кездесті.

Іссапардың мақсаты - Шымкент қаласы мен Армения мемлекеті арасында екіжақты қарым-қатынасты кеңейту. Бірлескен инвестициялық жобаларды әзірлеу және жүзеге асыру, сондай-ақ екі елдің инвестициялық әлеуеті мен тартымдылығы туралы ақпарат алмасу.

- Инвестиция тарту – қаланы дамытудың маңызды бағыттарының бірі. Сондықтан, мемлекеттік қолдау шаралары аясында біз Армения капиталының қатысуымен жобаларды жүзеге асыруға ілесуге дайынбыз, - деді қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы.

Жалпы Қазақстан мен Армения арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас Қазақстан тәуелсіздік алған күннен бастап орнатылған.

Соның ішінде Шымкент қаласы 1 миллионнан астам халқы бар, инфрақұрылымы, бай табиғи және еңбек ресурстары бар Қазақстанның үшінші мегаполисі және экономикалық ірі қалаларының бірі. Бүгінде қала арқылы Еуропа мен Азия арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» трансұлттық көлік дәлізі өтуде. Мемлекет шетелдік инвесторларды құқықтық қорғау үшін барлық қажетті шараларды қарастырады. Осы орайда шетелдік компаниялардың қаламыздың дамуына үлес қосуы құпталады.

Сондықтан бүгінгі кездесу сындарлы ынтымақтастықты дамытады және бірлескен жобаларды жүзеге асырудың жаңа перспективаларын айқындалады деп сенеміз.Еске сала кетейік, мұның алдында Шымкент пен Генуя қалалары арасындағы екі жақты келісім орнату мақсатында Шымкент қаласы әкімдігінде қос тарапты өкілдердің қатысумен ресми кездесу өткен болатын.Маңызды кездесудің мақсаты екі мегаполис арасындағы мемлекеттік, сауда-экономикалық, өнеркәсіптік, туризм, мәдени және әлеуметтік салалары арасында өзара ықпалдастық және ынтымақтастық орнату. Сонымен қатар, Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Алматыдағы ҚХР-ның Бас консулы Цзян Вэй ханыммен кездесіп, Шымкент пен Қытайдың Сиань қаласы арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылаған еді.

ШЫМКЕНТ: ҚҰРСАЙ ШАҒЫН АУДАНЫ ҚЫРКҮЙЕКТЕ АУЫЗСУМЕН ТОЛЫҚ ҚАМТЫЛАДЫ

 Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Құрсай елдімекенде жүргізіліп жатқан магистралды суаққы және ауыз су жүйесінің құрылысын аралады.

Абай ауданына қарасты Құрсай елдімекенінің тұрғындары суды кестемен тұтынып отырған шағын ауданның бірі. Сондықтан шағын аудандағы 4900 абонентті құрайтын 25 мыңға жуық халықты сапалы ауыз сумен қамту мақсатында 2020-2021 жылдар аралығында 2 кезеңдік жоба түзілген.

Олар Құрсайға тартылатын магистралды суаққы және ішкі орамдық ауыз су жүйелерінің құрылысы.

Екі нысанның да жобалау-сметалық құжаты әзірленіп, бастапқы сатысы мердігер мекеме «Риголит» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарапынан 2021 жылы басталған. Бірінші кезең бойынша су жүйелерінің ұзындығы 185 шақырым. Қазіргі уақытта бірінші кезеңнің жұмысы 98 пайызға орындалған.

Ал екінші кезең бойынша су жүйелерінің ұзындығы 151 шақырым, орындалған жұмыс көлемі 97% құрайды.

Қазіргі уақытта Құрсай шағын ауданында жеткізуші магистралды суаққының және ішкі орамдық ауыз су жүйелерінің құрылысы қарқынды түрде жүруде.

Жалпы құрылыс жұмыстары биылғы жылдың қыркүйек айына дейін аяқталып, Құрсай шағын ауданы толыққанды сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады.

Қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстарының құрылысын уақытылы аяқтауды тапсырды.

Келесі кезекте қала әкімі Мұрат Әйтенов «Ақжар» қосалқы станциясына барып, ондағы құрылыс жұмыстарына бірқатар шолу жасады. Жалпы аумағы 732 шаршы метрді құрайтын «Ақжар» қосалқы станциясының құрылыс жұмыстары 2019 жылдан бастап жүргізілуде.

Қазіргі уақытта «Забадам» қосалқы станциясынан «Ақжар» қосалқы станциясына дейінгі қазылған электр кабелінің ұзындығы 12,3 шақырымды құрайды.

Станцияда орнатылатын негізгі жабдық 110 кВ трансформаторы. Нысанның құрылысы биылғы жылдың қыркүйек айының соңына дейін аяқталатын болады.

Нәтижесінде «Ақжар» станциясы арқылы 50 мыңға жуық халық, сондай-ақ сол аумақтағы бизнес нысандары электр қуатымен қамтамасыз етілуге мүмкіндік алады.

Мұрат Дүйсенбекұлы құрылыс сапасын назарға ала отырып, жұмысты жеделдетуді тапсырды.