Өзбекстанмен ынтымақтастық аясында Сауран ауданында 10 жаңа жобаға жол ашылды

Сауран ауданының делегациясы Өзбекстан Республикасына жасаған екі күндік жұмыс сапарын қорытындылап, инвестиция тарту, өндіріс пен ауыл шаруашылығы салаларындағы ынтымақтастықты дамыту бағытында келіссөздер жүргізді.

Түркістанда байдарка мен каноэ есуден Азия чемпионаты өтті

Түркістан қаласында байдарка мен каноэде есуден 18 бен 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионаты және параканоэден Азия чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Азияның үздік жас спортшыларын бір арнаға тоғыстырған дүбірлі дода Түркістандағы халықаралық стандарттарға сай салынған ескек есу арнасында ұйымдастырылды.

Түркістан қаласындағы «Дара ұрпақ» инклюзивті театрында ерекше кездесу өтті

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Түркістан қаласындағы «Дара ұрпақ» инклюзивті театрына арнайы барып, ұжыммен және жас өнерпаздармен кездесті. Жылы әрі әсерлі жағдайда өткен жүздесуде театрдың жас өнерпаздары өнерлерін көрсетсе, театрдың құрылтайшылары Ербол Көкенов пен Рухабза Қалдарбек балалардың атынан өңір басшылығына алғысын айтып, жетістіктерін бөлісті. Өнерге баулып жүрген педагогтарды таныстырып, еңбектеріне тоқталды.

Сауран ауданы мен Өзбекстанның Шыршық аудандары арасында бауырластық туралы меморандумға қол қойылды

Өзбекстанның Ташкент облысында ұйымдастырылған «Шекарасыз ынтымақтастық» бизнес алаңы Қазақстан мен Өзбекстанның іскерлік қауымдастығы өкілдерін бір жерге жинады. Іс-шараға екі өңірден келген 200-ге жуық кәсіпкер мен мемлекеттік құрылымдардың өкілдері қатысып, өзара ықпалдастықты кеңейту мәселелерін талқылады.

Отырар ауданының әкімі әлеуметтік және инфрақұрылымдық маңызы бар нысандарды аралады

Отырар ауданының әкімі Қайрат Жолдыбайұлы аудан аумағындағы бірқатар әлеуметтік және инфрақұрылымдық маңызы бар нысандарды аралап, құрылыс және жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Іссапар барысында аудан басшысы алдымен Маяқұм ауылдық округіне қарасты Маяқұм елді мекеніндегі ауыз су желілері мен нысандарын қайта жаңғырту жұмыстарын көрді. Аталған жобаны мердігер мекеме – «Building Agency» ЖШС жүзеге асыруда.

Сауран ауданы: Үшқайықта футбол алаңшасы және балалар ойын алаңшасы пайдалануға берілді

Сауран ауданына қарасты Үшқайық елді мекенінде жаңа футбол алаңшасы мен балалар ойын алаңшасының ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға аудан әкімі Мақсат Таңғатаров қатысып, ауыл тұрғындарын жаңа нысандардың іске қосылуымен құттықтады.

Отырар ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, мемлекеттік бағдарламалардың тиімді іске асырылуына қатысты мәселелер қаралды

Аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлының төрағалығымен кезекті аппараттық мәжіліс өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, ауыл округтерінің әкімдері, дербес бөлімдер мен мекемелердің басшылары қатысты. Аппараттық жиын барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына, халықтың әл-ауқатын арттыруға және мемлекеттік бағдарламалардың тиімді іске асырылуына қатысты бірқатар маңызды мәселелер қаралды.

Шымкенттік медициналық бригадаларға жалпы саны 240 смарт-бейнежетон берілді

Шымкент қаласында еліміз бойынша алғаш рет жедел медициналық жәрдем қызметкерлерін интеллектуалды смарт-бейнежетондармен жабдықтау жобасын жүзеге асыру толық аяқталды. Жоба медициналық персоналдың қауіпсіздігін арттыруға және шұғыл медициналық көмек көрсету барысын жетілдіруге бағытталған.

Денсаулық сақтау саласына сіңірген ұзақ жылғы еңбекке – жоғары құрмет

Медицина қызметкерлері күні қарсаңында «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының бірқатар қызметкері Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің Алғыс хатымен марапатталды.

1 миллионнан астам шымкенттік МӘМС жүйесінде сақтандырылған

Қазіргі таңда Шымкент қаласында 1,1 миллионға жуық адам, яғни қалах алқының шамамен 85 пайызы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде сақтандырылған. Оның ішінде жеңілдік санатындағы 800 мыңға жуық азаматтың жарнасын мемлекет төлейді. Ал 212 230 тұрғын сақтандырылмаған. Оның 13 596-сы әлеуметтік осал топқа жататын D және E санатындағы азаматтар.