Шардаралық спортшылар жаттығуын тоқтатпайды

Еліміздегі төтенше жағдай жарияланған күннен бастап бір қатар мемлекеттік мекемелер уақытша жұмыстарын қашықтықтан жүргізуде. Солардың бірі Шардара аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімдері. Карантин режимінде білікті бапкерлер шәкірттерімен қашықтық арқылы жаттығу жұмыстарын жүргізуде.

Түркістан: «Шардара Армспорт» тарихымен әуеде де танысуға болады

Түркістан облысындағы шағалалы Шардара өңірі «Шардара Армспорт» спорт клубымен танымал. Білектілер клубын әлемге таныту үшін енді Қазақстанда ғана емес әлемнің бірқатар мемлекеттеріне әуе тасымалын жасайтын «Skat airlines» компаниясы әуе журналдарында жарнамалайды.

 Қазақстан Республикасының құрама сапында өнер көрсететін шардаралық спортшылар бүгінде мықтылығын әлемге  мойындатып келеді. Шекара таңдамайтын спорт арқылы жерлестерімізге әлем жұртшылығына дәл осылай танылуға жол ашылды.

Шардара ауданында ұлттық ойындар дәріптелді

 

 

  Шардарада асық ату және бес асық ойындарынан мектеп лигасы өтті. Аталған жарысқа ауданға қарасты ауылдық округтерден келген мектеп командалары қатысты. Мұндағы басты мақсат - ұлттық құндылықтарды дәріптеу. Ал асық ату - көне заманнан келе жатқан қазақ xалқының төл дәстүрімен ұштасқан, қазақ баласының қанына біткен ұлттық ойыны.

   Ұлттық құндылықтар ұлықталған сайыс тартысты да қызықты өтті. Жарыста жүзден жүйрік атанғандар жеңіс тұғырынан көрінді.

   Алғашқы бес асық ойынында І-ші орынды "С. Құрманғазы" командасы иемденсе, ІІ-ші орынды "С. Кәттабеков" командасы иемденді. Ал "А. Иманов" командасы ІІІ-ші орынды қанжығаларына байлады.

  Асық ату бойынша І-ші орын С. Құрманғазы командасына бұйырса, С. Кәттабаев пен Ш.Уәлиханов мектеп командалары ІІ-ІІІ орындарды қанағат тұтты. Жарыс соңында жеңіске жеткен командалар марапатталды.

  Айта кету керек, бұл ойын мазмұны жағынан ұтыс ойыны тобына жатады. Қа­зір­гі ауыл және қала балаларының ойнап жүргені «асық ату» ойыны балалардың тез қимылдауын қалайды. Мергендігін арттырады, дәлдікке, есепке үйретеді.

  

 

Түркістандағы жеткіншектерге арналған футбол спорт клубы болашақ аяқ доп шеберлерін жаттықтыруда

Былтырғы жылдың мамыр айынан бастап Түркістан жеткіншектерін кәсіпқой футболға баулитын спорттық клуб жұмысын бастаған. Қазір мұнда ақылы негізде 6 мен 15 жас аралығындағы болашақ аяқ доп шеберлері жаттығуда.