Түркістанда әйелдер арасында баскетболдан халықаралық турнир өтті

Тәуелсіздік күніне орай Түркістандағы Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде әйелдер арасында баскетболдан Азия және Қазақстан командалары арасында халықаралық жарыс өтті. Қырғызстан мен еліміздің барлық аймақтарынан келген баскетболшылар шаршы алаңда бақтарын сынады.

Түркістан: Тұңғыш Президент күніне орай судьялар арасында шағын футболдан турнир ұйымдастырылды

Тұңғыш Президент күніне арналған игі шаралар легі әле де болса жалғасын табуда. Соның бірі ретінде Түркістан облыстық судьялар одағының үйымдастыруымен Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің спорт залында өткен шағын футбол турнирін айтуға болады.

Түркістан: жас спортшылар ерледі

Түркістан облысының №1 олимпиадалық спорт мектебінің бір топ шәкірттері Азия чемпионаттарынан туған елге олжалы оралды. Жеңімпаз шәкірттерді мектеп директоры Нұрлан Ақсақалов қабылдап, құрмет көрсетті.

Желаяқтар Түркістан қаласына келіп жетті

Нұрсұлтан қаласынан жолға шыққан желаяқтар Түркістан қаласына келіп жетті. Естеріңізде болса Қарашаның 28-і күні 10 адамнан құрылған марафоншылар «Нұр-Сұлтан – Түркістан» бағытында жолға шыққан еді. Олар бір жарым мыңға жуық шақырым жолды бір аптада жүгіріп өтті.

Түркістан: Төлеби ауданында заманауи спорт кешені пайдалануға берілді

Төлеби ауданындағы Қасқасу елдімекенінде су жаңа спорт кешені ашылды. «Ауылына қарап, азаматын таны» демекші құны 150 млн. теңге тұратын нысанды жеке кәсіпкер, педагогика ғылымдарының докторы Момбек Қозыбақұлы өз қаржысына салып берді. Заманауи спорт кешені ауыл балаларының бұқаралық спортпен шұғылдануына мол мүмкіндік ашып отыр.

Түркістан облысы: шардаралық спортшылар Индия елінде әнұранымызды төрт рет шырқатты

Шардаралық спортшылар соңғы жылдары еліміздің атын жалпақ әлемге кеңінен танымал етіп жүр. Бір ғана армспортшылардың өзі әлемнің небір ірі жарыстарында жүлделі оралып жүргенін көпшілік жақсы біледі.

Түркістан: түлкібастық көкпаршылар Азия чемпионы атанды

Алматы қаласында ұлттық спорт түрі көкпардан І Азия чемпионаты болып өтті. Тартысты аламанға 8 мемлекеттің құрамасы қатысты. Азия ойындарында «Түлкібас ұлттық спорт түрлерінен балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің» спортшылары, Қазақстан құрамасының мүшелері Мамыт Әділет пен Қарқабат Бекзат жүлделі І-орынды иемденді.

Түркістан: Арыс қаласында облыстық спорттық сайыс өтті

Арыс қаласында Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының ұйымдастыруымен бұқаралық және ұлттық спорт түрлерін дамыту, тұрғындар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «ALTYN KÚZ – 2019» облыстық спорттық сайысы өтті.