Дархан Сатыбалды сарыағаштық шаруалармен кездесті
Сарыағаш ауданына жұмыс сапарымен келген Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жергілікті шаруалармен кездесіп, бірқатар мәселелер мен олардың шешу жолдарын талқылады.
Сарыағаш ауданына жұмыс сапарымен келген Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жергілікті шаруалармен кездесіп, бірқатар мәселелер мен олардың шешу жолдарын талқылады.
Түркістан облысы, Мақтаарал ауданында жылына 80 мың тонна мақта талшығын өндіретін «Жанасыл» зауыты ресми түрде іске қосылды. Индустриалды аймақта орналасқан кәсіпорын 150 адамды тұрақты жұмыс орнымен қамтып, тәулігіне 600 тонна таза мақтаны өңдеп шығарады. Одан бөлек, күніне 180 тонна мақта талшығы өңделеді. Салтанатты іс-шараға аудан әкімі Бақыт Асанов қатысып, өндіріс орнының ашылуымен аудан тұрғындарын шын жүректен құттықтады.
Түркістан облысында 552 мың гектар суармалы жер бар. Бұл – республикалық көрсеткіштің төрттен бір бөлігі. Өңірде экономиканың негізгі саласының бірі – ауыл шаруашылығы. Сондықтан су нысандары инфрақұрылымын дамыту, жөндеу, тазалау аса өзекті. Аталған бағыттағы жұмыстар мен мәселелер облыс әкімдігінде өткен мәжілісте талқыланды. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды су үнемдеу технологияларын енгізу, су нысандарын ретке келтіру маңызды екеніне тоқталып, жауаптыларға тиісті тапсырмалар берді.
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды «EsVilla Prefabik Hafif Çelik Yapı Sistemleri Ltd. Şti.» компаниясының бас директоры Ибрагим Тюйлюді қабылдады. Кездесуде Түркістанда жаңа зауыт салу мәселесі талқыланды.
Түркістан облысында білім саласын дамыту, білім мекемелерінің инфрақұрылымын жақсарту, мектеп тапшылығын жою бағытында жұмыстар жалғасуда. Облыс әкімі аппаратының апталық мәжілісінде осы саладағы жұмыстар баяндалып, кемшіліктер де айтылды. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.
Түркістан облысында Оңтүстік Кореяның жетекші оқу орындарының бірі Woosong университетінің филиалын ашу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қазақ-корей бірлескен білім ордасы Түркістан қаласының әкімшілік-іскерлік орталығында орналасады. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды облыс орталығындағы құрылыс алаңдарын аралап, жұмыстардың барысын бақылады.
Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемін 2 есеге ұлғайту жөніндегі тапсырмасы аясында Түркістан облысында ауқымды жұмыс жүріп жатыр. Көрсеткіш қандай? Нендей мәселелер бар? Түркістан облысы әкімі аппаратының апталық мәжілісінде осы мәселе күн тәртібіне қойылды. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды ауыл шаруашылығы – өңірдің негізгі драйверінің бірі екеніне тоқталып, жауапты басшыларға, аудан, қала әкімдеріне жұмысты күшейтуді тапсырды.
Түркістан өңіріне инвестиция тарту, өндіріс орындарын ашу бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес, Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының қолдауымен, «Turkistan Invest» ЖШС ұйымдастыруымен Түркістан қаласы, Ордабасы және Сайрам аудандарынан бір топ кәсіпкерден құралған Түркістан облысының делегациясы Түркия мемлекетіне іссапармен барды.
Сарыағаш ауданына қарасты Дербісек ауылдық округі мен Атамекен елді мекенінің тұрғын үйлері көгілдір отынға қосылды. Аталған шараға аудан басшысы Арман Абдуллаев арнайы барып, аудан тұрғындарымен кездесті. Жүздесу барысында ауыл тұрғындары аудан басшысына өз ризашылықтарын білдіріп, ақсақалдар баталарын берді.
Түркістан облысының делегациясының Корея Республикасына ресми сапары аясында облыс әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров Корей теміржол корпорациясының (KORAIL) вице-президентімен кездесті.