Шымкентте "Жастар" бағдарламасына өтінім қабылдау басталды
Мемлекет ұсынған пәтерді жалдап жеке баспанаға қаржы жинауға мүмкіндік бар. Шымкент қаласы бойынша 35 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастарға арналған бағдарламаға өтінім қабылдау басталды.
Мемлекет ұсынған пәтерді жалдап жеке баспанаға қаржы жинауға мүмкіндік бар. Шымкент қаласы бойынша 35 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастарға арналған бағдарламаға өтінім қабылдау басталды.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің География және табиғатты пайдалану факультетінің құрылғанына 75 жыл толды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (ҚазҰУ) – Қазақстанның жетекші оқу орындарының бірі, еліміздің білім беру және ғылыми-зерттеу саласындағы алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының бірі ретінде дараланған қара шаңырақ. ҚазҰУ құрамындағы География және табиғатты пайдалану факультеті де осы беделді оқу орнының негізгі құрылымдарының бірі ретінде ерекшеленеді. Оның тарихы мен даму жолы еліміздің география саласындағы білім беру және ғылыми-зерттеу қызметінің қалыптасуымен тығыз байланысты.
Бүгін Отырар ауданының әкімі Қайрат Жолдыбайұлы ауыл шаруашылығы саласының мамандарымен бірге Ақтөбе ауыл округіне барып, су үнемдеу технологиясын енгізу жұмыстарымен танысты.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемлекеттік қызметке іріктеу мен конкурс өткізу процесін жаңғыртудың пилоттық жобасын бастады.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы» тақырыбында өткен баспасөз конференциясында айтылды.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы» тақырыбында өткен баспасөз конференциясында айтылды.
Шымкенттік аспаздар Түркияның Анталия қаласында өткен халықаралық гастрономиялық байқауға қатысып, ұлттық тамақтарымызды ұлықтап қайтты.
Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте қаңғыбас жануарларды уақытша ұстау орталығының және кепілдік міндеттемелік мерзімі бар жолдарға қатысты жұмыстар, Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасын сақтау шаралары талқыланды. Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Т. Мекамбаев аталған орталықтың және қаңғыбас иттерді азайтуда атқарылған жұмыстарды баяндады.
Шымкент қаласында қарттарға, мүгедектігі бар азаматтар мен ерекше қажеттіліктері бар балаларға үй жағдайында әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі дамып келеді. Бұл бағытта қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты №7 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы айрықша рөл атқарады.
Шымкент қаласындағы БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз туры ұйымдастырылды. Ондағы негізгі мақсат - “Оңтүстік” арнайы экономикалық аймағында биыл іске қосылған инвестициялық жобаларды кеңірек таныстыру.