Құрылысшы – қай уақытта да құрметті және абыройлы мамандық. Соңғы жылдары ауданда көптеген әлеуметтік нысандар салынып, сапалы және мерзімінде аяқтап, пайдалануға берілуде. Қарышты даму жолына түскен ауданда қазіргі заманға лайықты сәулетті ғимараттар қатары күн сайын өсу үстінде. Ел Тәуелсіздігінің 27 жылында өңіріміздегі алақандай ауылдарда еңселі, заман талабына сай зәулім білім ошақтары мен балабақшалар, медициналық нысандар, мәдениет үйлері мен әкімшілік ғимараттары бой көтерді. Жалпы ауданда ел егемендігі жылдарында 19 млрд. 200 млн. теңгеге 167 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізіліп, әрбір ауылда парктер мен аллеялар басқа да нысандар салынып ел игілігіне пайдалануға берілді.