ШЫМКЕНТТЕ 147 МЕКТЕПТЕ ИНТЕРНЕТ ЖЫЛДАМДЫҒЫ КӨТЕРІЛДІ

Бұл туралы бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласы цифрландыру басқармасы басшысының орынбасары Айдос Өмірәлі баспасөз алаңында айтты.

Қаладағы білім беру мекемелеріндегі интернет сапасына мониторингтеу жұмыстарын жүргізу тапсырылған. Осыған орай, қаладағы 143 білім беру ұйымдарында интернет жылдамдығына тексеру жұмыстары жүргізілді. Мониторингтеу нәтижесінде 135 мектебі «Қазақтелеком» АҚ-мен, 6 мектеп жеке компаниялар арқылы келісімшартқа отырғандығы анықталды. Сондай-ақ жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 2 мектепте қайта конкурс жарияланған.

Тексеру барысында анықталған кемшіліктерді түзету бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды. Бүгінде, білім беру мекемелеріне бөлінетін қаражатты цифрландыру басқармасы арқылы іске асырып, орталықтандырылған модельге өтуді қамтамсыз ету және барлық мектептердегі интернетті 150 мб/сек тан төмен емес жылдамдыққа көтеру жұмыстары атқарылды.

Қазіргі таңда, орта білім беру ұйымдарын сапалы интернетпен қамтамасыз ету мақсатында ашық конкурс өткізілді. Қаңтар-ақпан айларында конкурс нәтижесі анықталып, қала аумағындағы 147 мектептегі интернет жылдамдығы 150 мб/сек көтерілді, оның 100 мб/сек оқу процесіне бағытталса, ал 50 мб/сек бейнебақылау және СОС батырмаларына арналған.

Айта кетерлігі қоғамдық орындарды тегін Wi-fi желісімен қамтамасыз ету және қала тұрғындарына жайлы ортаны қалыптастыру мақсатында 2021 жылы 10 қоғамдық орындарға 30 «Wi-fi aimaq» модемдері орнатылып, толық іске қосылды.

2022 жылы қала аумағындағы қоғамдық орындарды 100% тегін Wi-fi желісімен қамту мақсатында 4 аудан әкімдігімен талдау жұмыстары жүргізіліп, Wi-fi нүктелері орнатылатын жерлер бектіліп, қала аумағындағы қоғамдық орындардың барлығын дерлік тегін WI-FI желісімен қамту жұмыстары жүргізілді.

Осы аталған 10 қоғамдық орындарға орнатылған «Wi-fi aimaq» модемдері толық іске қосылып, қаладағы қоғамдық орындардың тегін интернетпен қамтылу көрсеткіші 100%-ды құрады.

Түркістан: білім саласының басқару жүйесіне өзгеріс енгізіледі

Түркістан облысында жаңа оқу жылындағы жұмыс барысы Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен апталық аппарат отырысында баяндалды. Жалпы облыста 21 мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, оның ішіндегі 14 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. 5 мектептің жұмысы келер жылға өтпелі.

Түркістан музей мамандарының жаңа әдістемелік алаңына айналмақ

Түркістан қаласы облыс орталығына айналғалы тек облыстық емес, республикалық және халықаралық шаралар ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өткізілуде. Руханият ордасында түрлі саланың кәсіби мамандары бас қосып, киелі шаһардың жаңа кейпіне таңданысын білдіруде.

Түркістанда тіл жанашырларының қатысуымен өңірлік семинар өтті

Түркістан қаласында «Мемлекеттік тілді үйрету: әдіс, тәжірибе, инновация» тақырыбында облыстық семинары өтті. Өңірдің тіл жанашырлары жиынына облыстық мәдениет және туризм басқармасы басшысының орынбасары Асылхан Темірхан және Астана, Шымкент қалалары мен Ақтөбе, Түркістан облыстарының жоғары оқу орындарының оқытушылары, аудандық, қалалық тілдерді оқыту орталықтарының әдіскерлері мен қазақ тілі оқытушылары, тіл мамандары қатысты.